Архивное фото ученика перед началом тестирования

Министр Есентаева туралы сұрақ ҰБТ-ға не үшін енгізілгенін түсіндірді

289
(Жаңартылды 14:39 03.03.2017)
Министрдің айтуынша, мұндай сұрақтар арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеті бағаланады

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі ұлттық бірыңғай тестілеуге Баян Есентаева туралы сұрақ не үшін енгізілгенін түсіндірді. 

"Онда мәтіндер болды, сіздерге мәтінді оқу керек. Біз сұрақтар дайындап жатырмыз, онда Димаш Құдайберген, Головкин болады. Бұл сыни ойлау деп аталады – мәтінді оқисыз, онда ұлттық қаһармандар, қазіргі уақытта қызығушылық тудыратын адамдар жазылуы мүмкін. Осыдан кейін адам мәтінмен байланысты сұрақтарға жауап береді. Біз бұдан еш жамандық көріп отырған жоқпыз. Біз қазір дайындық емтихандары туралы айтып отырмыз. Олар білетін адамдар, мысалы, Головкин, Винокуровқа қатысты сұрақтар болады. Мен өзім Баян Есентаева туралы сұрақты көрген жоқпын", — деді Е.Сағадиев. 

Оның айтуынша, жалпы алғанда, Олимпиада чемпиондары, жазушылар, суретшілер, әншілер туралы сұрақтарды сыни ойлау тұрғысынан алғанда дайындық емтихандарына енгізуге болады. 

"Ал нақты емтиханда болатын  сұрақтарға қатысты тағы да ақылдасамыз. Балаларға дайындалуға беріп жатқан бұл тесттер газет-журналдардан, телеарналардан алынады. Сіздер Есентаева туралы жазасыздар ғой, неге жазасыздар? Бұл мәтіндер газет, сайттардан алынады. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру керек. Егер сіздер жазсаңыздар, бізге неге алуға болмайды? Онда мен сіздерден сұрағым келеді: Баян Есентаевадан басқа адам жоқ па, тек сол адам туралы ғана жазасыздар ғой", — деді министр. 

"Егер сайттарды оқысақ, мәтіндердің жиырма пайызы Баян Есентаевамен байланысты. Біз айналымда жүрген мәтіндерді алып, студенттерге береміз, олар осы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Осылай олар ҰБТ-ға, сыни ойлауға дайындалады", — деп атап өтті Сағадиев. 


289
Загрузка...