Қоғам

Анасы дәрігерлерге науқас қызына қан құюға рұқсат бермеген

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуСдача донорской крови, фото из архива
Сдача донорской крови, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол діни сенімдеріне байланысты кішкентай қызына қан құйғызудан бас тартты

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. "Свидетели Иеговы" ұйымының мүшесі бауыр қатерлі ісігіне шалдыққан төрт жасар қызына қан құйғызбай қойды.

Астанадағы ана мен бала орталығында ем алып жатқан қыздың емдеуші дәрігері Арман Әбеновтың айтуынша, науқас онкология бөліміне биыл қаңтар айында түскен. Баланың өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, анасы қызына қан құйылуы тиіс процедурадан бас тартыпты. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, анасы бұл шешімді ойланып барып қабылдаған, бас тартуының себебі "Свидетили Иеговы" ұстанушысы екендігі болып шыққан. Әйел адам емдеудің басқа да жолдары бар екенін айтып, қан құйғызуға келіспей қойған.

"Ондай әдістер бұл жағдайға сәйкес келмейді. Жауапкершіліктің де бар екенін айтып түсіндірдік. Ақпан айының соңында әкесінен рұқсат алып, қызға қан құйдық", — дейді дәрігер.

Қазір қыздың хәлі қалыпты, мамандар оны химиялық терапияға дайындап жатыр.


Жаңалықтар
0