Мектеп мұғалімі

Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға "жегілмек"

1622
(Жаңартылды 15:11 29.03.2017)
Білім министрлігі мұғалімдерді міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартуға тыйым саламыз деп еді

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Мәжілістегі коммунистер фракциясының депутаттары мұғалімдердің тағы да міндетіне кірмейтін жұмыстарға "жегілмек" екенін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. 

"Биылғы жылы түрлектердің қорытынды аттестациясы және ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес түлектер орта білім жөніндегі аттестат алу үшін мектептерде емтихан тапсырады және жоғарғы оқу орнына түсіп, грант алу мүмкіндігіне ие болу үшін ҰБТ тапсырады. Қазіргі уақытта білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру шараларын ұйымдастыруға мектептерді жауапты етіп бекітіп жатыр. Оның ішінде мектеп түлектерін жинау, көлікпен қамтамасыз ету, орталықтандырылған тамақ ұйымдастыру, кейбір жағдайда тұратын жер әзірлеу секілді жұмыстар бар. Бұл ретте аттестат алған түлектер мектептің оқу процесінің қатысушысы болып табылмайтынын атап өту керек. ҰБТ өткізуді ұйымдастыруға мұғалімдерді тарту міндетіне кірмейтін жұмысты орындау ғана емес, сонадай-ақ өз өкілеттіктерін асыра пайдалану болып табылады", — деді бүгін мәжілістің жалпы отырсында Ирина Смирнова. 

Оның айтуынша, тестілеудің мұғалімдердің демалысы кезінде өтетінін де ұмытпау керек. Бұл дегеніміз, мұғалімдерді еңбек демалысынан шақырып алады деген сөз. Бұдан бөлек, ҰБТ-ға қатысу әр түлектің жеке құқығы болып табылады. Егер ол әрі қарай жоғарғы оқу орнына түсуді көздемесе, оны ешкім мәжбүрлей алмайды. 

"Білім және ғылым министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында бір ақпарат береді де, ал шын мәнінде басқа жағдайға тап боламыз. Жақында ғана министрлік басшылығы ресми түрде мұғалімдерді міндетіне кірмейтін жұмыстардан босату қажеттігін мәлімдеген еді. Енді сөзден нақты іске кірісетін уақыт жетті. Сондай-ақ ҰБТ қорытындысы бойынша тағы да мектептердің рейтингісі жасалады деген ақпарат алаңдаушылық тудырады. Бұл жағдай мектептің мақсат-міндеттеріне сәйкес келмейді деп санаймыз", — деді Смирнова. 

Осыған орай, депутаттар, мектеп мұғалімдерін ҰБТ өткізуді ұйымдастыу міндетінен босатуды және рейтинг жасау тәжірибесін доғаруды сұрады. 

1622
Қашықтан оқыту

Сенаторлар қашықтан оқытуға байланысты мектептерде қосымша сабақ енгізуді ұсынды

4
(Жаңартылды 12:52 24.09.2020)
Депутаттардың пікірінше, қазіргі пандемия жағдайында Қазақстанда осы мәселенің өзектілігі арта түскен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Парламент сенатының бір тор депутаттары кибербулинг мәселесін көтеріп, үкімет басшысының атына сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Нариман Төреғалиевтің айтуынша, бүгінде қазақстандықтар "буллинг", "моббинг", "хейзинг", "кибермоббинг", "кибербуллинг" сияқты бұрын-соңды естімеген лексиконды жиі пайдалана бастады. Осы шетелдік терминдерді ағылшын тілінен аударғанда "әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлер арқылы адамды қорлау, қорқыту, қудалау мен мазақтау" деген мағынаны білдіреді.

"Бір сөзбен айтқанда, бұл – адамды интернетте, оның ішінде әлеуметтік желіде қорлау. Кибербуллингтің құрбаны кез келген адам болуы мүмкін. Алайда, зардап шеккендердің негізгі жасы 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер. Демек, еліміздегі жасөспірімдердің 12 пайызға жуығы осы кибербуллингің зардабын тартқандар", – деді Төреғалиев.

Қазіргі пандемия жағдайында осы мәселенің өзектілігі арта түсті. Себебі, балалардың басым бөлігі қашықтан білім алып жүр. Интернетте көп уақыт отырады. Осындайда кибербулингтің қаупі күшейе түседі. Ал тұзаққа түскен балалар көп жағдайда ешкімге ештеңе айтпайды.

Кибербуллингпен кімдер айналысады

"Кибербуллингпен көп жағдайда педофилдер мен психикалық ауытқулары бар адамдар айналысады. Олар жалған аккаунттар ашып, бүлдіршіндердің сеніміне кіріп, алғашында достық қарым-қатынас орната отырып жеке ақпараттарына қол жеткізеді. Сонан соң психологиялық манипуляция жасай отырып, ой-санасын улайды. Әдетте, мұндай қылмыстар, қарапайым виртуалды достық хат алмасулардан басталып, қорқытумен өз-өзіне қол жұмсауға дейін алып келеді", – деп атап көрсетті Төреғалиев.

Осы орайда сенатор халық ішінде "Көк кит", "Тыныш үй", "Қызыл жапалақ", "Мені сағат 04:20-да оят" және тағы басқа адам өміріне қауіпті ойындардың қазақ тілінде пайда бола бастағанына аладаушылықтың бар екенін жеткізді. Мысалы, Арыс қаласында "Вконтакте" әлеуметтік желісі және "Telegram" мессенджері арқылы балаларды суицидтік сипаттағы ойындарға тартқан бір адам анықталды.

"Бұл бағытта әлемде көптеген елдер, интернет-платформалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, заңнама бойынша жұмыс істеу және балаларды, олардың ата-аналарын кибербуллингтен қорғау мақсатында тиісті заңдарды қабылдауда. Мысалы, Германияда кибербуллинг ұйымдастырған азаматтар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Төреғалиев.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді

Сенаторлар осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, бірқатар шараларды қолға алу қажеттігін жеткізді. Олар:

  • буллинг пен кибербуллингке тосқауыл қою үшін интернеттегі парақшалар мен мессенджерлердегі топтарға мониторингті күшейту;
  • мектептер мен оқу орындарында "Кибербуллингтың зардаптары" тақырыбындағы тәрбие сағаттарын өткізу;
  • арнайы мамандарды дайындау, мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  • информатика пәніне кибербуллингке қарсы қосымша сабақтар енгізу;
  • балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін ұлттық жоба әзірлеу;
  • буллинг үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту.
4
Кілт сөздер:
сенатор, қауіпсіздік, білім беру
Тақырып бойынша
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Қашықтан оқыту кезінде қанша уақыт демалыс берілетіні белгілі болды
Қашықтан оқыту жалақы мен шәкіртақыға әсер етпейді – министр
Денсаулық министрі қашықтан оқыту туралы: бірінші тоқсан осы форматта өтеді
Қашықтан оқыту кезінде балалар оқу тапсырмасын ғана орындайды – Аймағамбетов
СІМ ғимараты

Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты

271
(Жаңартылды 12:03 24.09.2020)
Қазақстан өлім жазасынан бас тарту туралы халықаралық хаттамаға қосылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. 

2020 жылдың 23 қыркүйегінде Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші хаттамасына қол қойды.

"Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының саяси пікірталас барысында сөйлеген сөзінде жариялады. Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті", - делінген ресми ақпаратта.

2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан президенті елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырған еді.

"Бұл халықаралық құжатқа қол қою - өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы", - деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ел президентінің 2003 жылы мораторий енгізу туралы жарлығымен толығымен тоқтатылған.

2020 жылдың 23 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымының саяси дебатында сөз сөйледі.

Президент жиын барысында әлемдегі түйткілді мәселелер мен сын-қатерлерді, соның ішінде коронавирус пандемиясына қарсы күреске, жаһандық экономиканың өсімін қалпына келтіруге, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қарудан бас тартуға және таратпауға, климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді көтерді.

271
Кілт сөздер:
өлім жазасы