Қоғам

Елбасы әскерді қайта жарақтандыру мәселесіне назар аударды

© SputnikАрхивное фото военной техники
Архивное фото военной техники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы Күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келе жатқанына тоқталып, бұл жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

"Қыста да, жазда да әскери оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Әскеріміздің жауынгерлік қабілеттілігінің деңгейі жоғары. Тәртіп жақсарғаны байқалады", – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті әскерді қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен қайта жарақтандыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, еліміздің аумақтық қауіпсіздігі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне назар аударды.

Патриотизм - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынды

С.Жасұзақов Мемлекет басшысына әскердің жауынгерлік қабілеттігі деңгейін, Қазақстан әскері қатарындағы тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау шараларының атқарылу барысы туралы мәлімдеді.

"Бүгінде Қарулы Күштер қатары 93% деңгейінде жасақталды. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш 2015 жылы 89% болған еді. Қазіргі уақытта офицер, сержант және қатардағы сарбаз құрамдарын жасақтау үшін әскерге келісімшарт бойынша шақыру жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызмет қатарына алынатындар санын арттырдық. Биыл әскердің барлық түріне 34 мыңға жуық мерзімді әскери қызметшіні шақыру жоспарланып отыр", – деді Қорғаныс министрі.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жаңалықтар
0