Қоғам

Қазақстандық экологтар жұмыртқадан белсіздік пен бедеулікке әкелетін улы химикат тапты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЯйца. Архивное фото - рекадр
Яйца. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар жұмыртқа құрамында ақуыз бен сарыуыздан бөлек, гексабромциклододекан деп аталатын қауіпті химиялық зат барын анықтаған

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Маңғыстау облысында жергілікті экологтар жұмыртқадан улы химикат тауып, дабыл қағуда, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Бұл азықтың құрамынан кәдімгі пластмассаларда кездесетін қауіпті қоспа анықталған. Оның әсері бірден білінбегенімен, уақыт өте келе белсіздік пен бедеулікке әкеледі екен. 

Тауық өнімін тексеріп шыққан мамандар оларда ақуыз бен сарыуыздан бөлек, гексабромциклододекан деп аталатын қауіпті химиялық зат барын анықтаған.

"Тексеру кезінде жұмыртқалардан диоксин секілді бірқатар химиялық қоспалар анықталды. Олар көбіне көлік бөлшектерінде, пластмассаларда кездеседі. Құстар үнемі қоқыс арасында жүреді. Сондықтан қазір олардың өнімін тұтыну қауіпті", —дейді эколог Кирилл Осин. 

Ал сараптама Чехияда жүргізілген. Елімізде азық-түлікті жан-жақты тексеретін зертхана болмағандықтан, жергілікті экологтар жұмыртқаларды сонда жіберіпті. Халық көп тұтынатын азықтан улы химикат аса көп мөлшерде бұған дейін Германияда анықталған болатын. Ал біздегі көрсеткіш одан тоғыз есе асып түсіпті.

балабақша - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Орал балабақшасында бірнеше бала уланып қалды
       

"Бұл химикаттар тобы адам ағзасына бірден әсер етпейді. Әсері 10 жылдан кейін байқалуы мүмкін. Әрі ол қан арқылы ұрпағына беріледі. Соның салдарынан адам қатерлі ісікке немесе белсіздікке, бедеулікке ұшырауы ықтимал", — дейді эколог-дәрігер Мартин Скальский.

Бірақ белсіздік те, бедеулік те батыстықтарды қорқытып отырған жоқ. Қайта бұл өнімді күнде жейтін тұрғындар қолдың жұмыртқасынан пайдалы ас жоқ дейді.  

"Сол күнделікті жеп жатамыз енді. Комбикорм, көкшөбін береміз. Нан береміз. Аптасына екі рет дәрісін береміз", —дейді  Басқұдық ауылының тұрғыны Ербол Қыдыров.

Бұған дейін жергілікті экологтар шұбаттан да шикілік тапқан болатын. Онда да ұлттық сусында сан түрлі бактерияның бары айтылған. Сарапшылар бұған Маңғыстау экологиясының нашарлығы себеп деп отыр. Оған кінәлі мал емес, тұрғындардың өздері. Қоқысты беталды тастап, ал тауық, түйе атаулы содан қоректенген.   

 

Жаңалықтар
0