Қоғам

Елімізде білім депозиттері тартымды бола түседі

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуБілім
Білім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім беру жинақтау жүйесіне қатысатын банктердің саны артады

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Мәжілісте "Қазақстан Респубикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Василий Левит и балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Багибергенов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты

"2013 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқан мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi әр азаматқа техникалық және кәсiптiк орта бiлiмнен кейiнгi, жоғарғы және жоғарғыдан кейiнгi бiлiм беретiн қазақстандық оқу орындарында, сондай-ақ, шетелдiк оқу орындарында бiлiм алуға ақы төлеу үшiн ақша қаражатын екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерде жоспарлы түрде жинақтау мүмкiндiгiн бердi. Бiлiм беру жинақтау салымдары бойынша жинақталған қаражатқа мемлекет тарапынан сыйлықақы және екiншi деңгейдегi банктер тарапынан сыйақы берiлетiндiгi өте маңызды. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiнiң қажеттiлiгi және оның азаматтардың тарапынан сұраныстардың бар екендiгiн сенiммен айтуға болады. Дегенмен, өзгерiп жатқан жағдайларға және әртүрлi саладағы қазақстандық заңнаманың өзгеруiне байланысты өздерiңiзге ұсынылып отырған заң жобасын әзiрлеу қажеттiгi туындады", — дедi баяндады Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов.

Депутат заң жобасында көзделген түзетулердi қабылдау бiрқатар мәселенi шешуге мүмкiндiк бередi дейдi. Оның айтуынша, бiрiншiден, салымшыларды басым санатқа жатқызуды растауға уәкiлеттiлік берілген мемлекеттiк органдар тiзбесiн кеңейту керек. Бұл басым санатқа жататын жетiм және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа толған, бiрақ 23 жастан аспаған балалардың салымдарына мемлекеттiк сыйлықақыны алу құқықтарын толық iске асырады. Яғни, мемлекеттiк бiлiм беруді сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзбесiне БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетiн енгiзу ұсынылып отыр.

"Екiншiден, бiлiм беру жинақтау салымдарындағы ақшаға, оның iшiнде мемлекеттiк сыйлықақасына тыйым салуларды және әртүрлi өндiрiп алуларды болдырмау арқылы салымдардың сақталуын қамтамасыз ету. Одан кейiн, бiлiм беру жинақтау жүйесiне қатысушы банктерге қойылатын облыс орталықтары, Астана мен Алматы қалалаларында банк филиалдарының болу талабын алып тастау арқылы осы жүйеге қатысушы банктердiң санын көбейту ұсынылып отыр. Бұл халықтың бiлiм беру жинақтау салымын ашу мүмкiндiгiн арттырып, қолайлы жағдай туғызады", — деді депутат.

Депутат Ерсұлтан Бектұрғанов өз сөзінде бүгінгі қаралып отырған заң жобасының осы жүйені құқықтық реттеуді жетілдіре түсетінін атап өтті.

Медицинский университет. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жоғары оқу орындар грант ала алмаған "Алтын белгі" иегерлерін тегін оқытуға дайын

"Кезінде Елбасы қазақстандықтарға балаларын оқытуға мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, қаражат жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуға тиіс деп айтқан болатын Оны іске асыру үшін 2013 жылы қабылданған "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" заң халқымызға өз балаларын қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуы үшін ақша жинақтау мүмкіндігін берді", — деді ол.

2013 жылдан бері жалпы сомасы шамамен 10 миллиард теңгеге 15 621 салым тіркелген. Әлемнің және еліміздің жетекші оқу орындарында білім алу күннен күнге өзекті болып келетінін ескерсек, бұл аталған жүйенің сұранысқа ие екендігін көрсетіп отыр.

"Балалар өскен сайын ата-ананың балаға жұмсайтын шығындары да өседі. Өскелең ұрпақтың біліміне қатысты өзге көзқарасты қажет ететінін ескерсек, ата-аналардың өздері қаржы жағынан дайын болуы керек. Еліміздің ірі банктерінде балалар депозиттері көзделген. Олар арқылы ата-аналарға шағын және ұдайы салынуы міндетті емес жарналармен, сондай-ақ, жарнаны жыл сайын капиталға айналуымен ерекше жағдайлар үшін қажетті ақшаны жинап алуына болады", — деді өз кезегінде депутат Серік Сейдуманов.

Оның айтуынша, бүгінде кез келген адам банкке сенім арта бермейді. Оған қоса ақшаны ұзақ мерзімге банкке сала қоймайды. Алайда ақшаны үйде жинағаннан гөрі банк арқылы жинақтаған әлдеқайда тиімді.

"Ал білім беру депозиті бойынша банктің сыйақысын ескере отырып, салынған 5 пайыз немесе 7 пайыз мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақының жыл сайын есептелуі депозитті одан да тартымды етеді", — деп атап өтті депутат.

Жаңалықтар
0