Қоғам

Жүрсін Ерман Елбасыға: айтыс ақындарының арқасынан қағып қойсаңыздар

© Photo : Министерство культуры и спорта РКАйтыс
Айтыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүрсін Ерман Президенттен айтысқа қолдау көрсетуді сұрады

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы барысында сөз алған ақындар айтысының ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан айтысқа қолдау көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Димашпен кездесіп, өз батасын берді

Мінберге шыққан Жүрсін Ерман үлкен сахналарда сөз бастап жүргенімен, Елбасының мысы басып, сәл қобалжып тұрғанын жеткізді. 

"Бірақ қобалжығаныммен, жүрегімдегі сөзімді айтамын. Айтыс туралы бір ауыз сөз айтпай кетсем, мені 150 ақын түтіп, жеп қояды. Тәуелсіздік жылдарында өткен айтыстардың барлығында сіздің сөз портретіңізді жасаған уақытта залдағы мыңдаған халық шуылдап, гуілдеп, қолдап отырған кезде кейде көзіме жас келеді. Мұны жағымпаздықпен айтып отырған жоқпын. Сіздің сайлауларыңыздың алдында үш рет ақындар айтысын жасадым. Соның бәрінде сіздің бейнеңізді ақындар көкке көтерген кезде мен қазақтың өнерінің құдіретіне таң қаламын", — деді Жүрсін Ерман. 

Оның айтуынша, қазір  ұлтқа жани ашитын тек бес-алты азаматтың арқасында ғана айтыс күнін көріп отыр. 

"Алматыдағы Бауыржан Байбек, Атыраудағы Нұрлан Ноғаев, кешегі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Бердібек Сапарбаев, Қырымбек Көшербаев, Алтай Көлгінов әкімдер айтысты қолдап отыр. Осы азаматтардың көмегімен ғана күн көріп отырмыз. Ақындар сіздің саясатыңызды насихаттау үшін отқа да, суға да түсуге дайын отыр. Арқасынан қағып қойса болды, әрі қарай сайрай береді", — деді Ерман. 

Өз кезегінде Мемлекет басшысы қазіргі айтыстың деңгейін көтеру қажеттігін айтып өтті. 

Сессия Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев АҚШ президентінің қателесіп, Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырып алғанын еске алды

"Айтыс біздің тамырымыз, дәстүріміз. Менің мақалама бұл да кіреді. Меніңше, айтыстар облыстарда өтсе, сосын оның жеңімпаздарын республика бойынша көрсетсек. Әніне сөзі сай болса деймін. Қырғыздарда, басқа елдерде бар, солардың әні де керемет, әр сөзі де философия. «Сендер мынаны айтыңдар, Назарбаевты мақтаңдар» деп команда береді, сосын кетеді. Кейде оның ішінде неші түрлі бәлелер айтылып кетеді", — деді Елбасы. 

"Қазір көптеген талантты жастар шығып келе жатыр. Оларды халықаралық деңгейге шығаруға ұялмаймыз. Арқасынан қағып қойсаңдар болды, елдің мәртебесін көтере береді", — деді Жүрсін Ерман. 


Жаңалықтар
0