Олжас Сүлейменов

Олжас Сүлейменов әліпбиді латынға көшіруде асықпаған жөн деп санайды

522
(Жаңартылды 22:52 27.04.2017)
Танымал қазақстандық ақын, жазушы Олжас Сүлейменов неліктен Қазақстанға қазақ әліпбиін латынға көшіруде жақсылап ойлану қажет екенін түсіндірді

АСТАНА, 27 сәуір  — Sputnik. Танымал жазушы, әдебиеттанушы, ақын және лингвист Олжас Сүлейменов қазақ әліпбиін латынға көшірудегі асығыстық қосымша проблемалар туғызуы мүмкін деп санайды.  Бұл туралы отандық поэзия классигі Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында айтты. 

"Менің пікірімше, латынға көшуде асығыстық танытсақ, бұл халқымыздың дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Қазір елімізде өте жақсы жоба – үштілдік жүзеге асырылып жатыр. Жаңа ұрпақ, мектептерде, сөзсіз, осы жолмен жүреді. Және де олар классикалық халықаралық латынды меңгеріп алады, оны пайдалану арқылы әлемдік ғылым мен техника жетістіктеріне қосылуға болады", — деді Сүлейменов. 

Олжас Сүлейменовтің ойынша, әліпби ең алдымен тілмен байланысты болуы тиіс. Өзбек, әзербайжан немесе түркмен латынына еліктеу прогресске әкелмейді, дейді ақын. 

Жазушы, кириллицаның қыпшақ топты түркілер мен славяндар үшін ортақ мәдени мұра болып табылатынына сенімді. 

"Кириллицаны құндылық деп ұғыну қажет, ол құндылықтан бас тартуға болмайды. Бұл туралы мен "Тюрки в доистории" кітабында жазған болатынмын. Ол 2001 жылы жарық көрі. Ғылым академиясы бұл кітапты Күлтегін сыйлығымен марапаттады. Бірақ оқымаған көрінеді. Немесе бұл мәселе бұрындары-ақ ғылыми орталарда талқыланып, ой елегінен өткізілген болар еді. Бірақ ол орталарды да көріп отырған жоқпын", — деп атап өтті Олжас Омарұлы. 

Ол, "ж" және "з" әріптерін қыпшақтардың ойлап тапқанын және олардың көне түркі орхоно-енисей әліпбиінде жоқ екенін түсіндірді. 

"1929 жылы біз латынға көшуге тырысып көрдік. Ол кезде біз прогрессивті қайраткер Ататүрікке еліктедік. Ол ислам ығынан шығып, Еуропаға жақындау мақсатына арап әліпбиін латынға ауыстырды. Бірақ проблема латын тілінің тілсіз, жай ғана механикалық белгілер жиынтығы болып келуінде болды", — деп қосты Сүлейменов. 

Оның сөзіне қарағанда, латын мен кириллица арасындағы күрес бүкіл дүние жүзіне тән. Бүгінде әліпбилердің бұл жарысына арабтың өрме жазуы мен қытай иероглифтері түсіп жатыр. Жазушы, әзірге ойлануға уақыт бар кезде латын әліпбиіне өтудің барлық пайдасы мен кемшіліктерін саралау қажет екеніне сенімді. 

"Үкімет қана шешпейді ғой, рас па? Біз демократиялық елде өмір сүреміз, өз жолымызды талқылап, таңдап алайық", — деп мәлім етті Сүлейменов. Сөз соңында жазушы, кириллицаның шығуы мен оның түркі-славян мұрасындағы орны туралы мақала дайындап жатқанын айтты. 


522
Астана тұрғындары

Қазақстанда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейеді

184
Жұмысқа қызметкерлердің тек 50 проценті ғана шығуы тиіс. Сондай-ақ, қоғамдық көлікпен тек бетперде таққан тұрғындарға ғана жүре алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр - Sputnik. Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министр орынбасарыТоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел тұрғындарының бекітілген карантиндік режимді қатаң сақтауды бақылауға алу мәселесі қаралды.

"Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп отыр. Бұл карантин талаптарының орындалмауымен байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырып, оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс нысандары мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауы керек", - деді Тоғжанов.

Осыған орай, өңірлердің әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға тапсырма берілді:

  • еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынастың деңгейін барынша төмендету (эұмысқа шыққандар саны қызметкерлердің 50%-інен аспауы тиіс);
  • жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақытылы ауыстыруды бақылау;
  • әлеуметтік арақашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау;
  • қоғамдық көлікке қарастырылған орындардан артық жолаушы алмау және тұрғындардың міндетті түрде маскамен болуын қамтамасыз ету;
  • қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту. 

Берілген тапсырмалардың орындалу үкіметтің тұрақты бақылауғына алынды. 

Президент қазақстандықтардың карантин режимін сақтамауына байланысты нақты шаралар қолдану керек екенін мәлімдеген болатын.

Жергілікті билік коронавирус жұқтыру көрсеткішінің төмендеп-артуына байланысты карантин шараларын анықтайды. Жағдай тұрақты өңірлерде бұл шаралар жеңілдетіледі. Ал вирус жұқтырғандар саны артқан аймақтарда карантин шаралары күшейтіледі.

184
Кілт сөздер:
коронавирус, бақылау, Қазақстан
Тақырып бойынша
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Ата-аналар қашықтан оқудың машақаты туралы айтып берді - видео
Нұр-Сұлтан әкімдігі қызметкерлерді қысқартады
Есмағамбетова науқаспен байланыста болғандарға қатысты өзгерісті атады
Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды
Жеңіс парады

Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

119
(Жаңартылды 20:10 26.05.2020)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақыруын қабыл алды

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ресей тарапының бастамасы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ресей басшысы Тоқаевты Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Телефон арқылы болған әңгімеде тараптар COVID-19 пандемиясына қатысты қазіргі ахуал мен індеттің таралуына қарсы күреске байланысты екі елдің қабылдаған шаралары жөнінде пікір алмасты.

Оқи отырыңыз: Жеңістің 75 жылдығы: әлем елдері мерекені қалай атап өтті - фото

Сонымен қатар мемлекеттердің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты талқылады.

"Сөйлесу соңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды. Қазақстан президенті шақыртуды ризашылықпен қабыл алды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Ал Жеңіс парадына қатысу туралы Қазақстан президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында 24 маусым күні Қызыл алаңда өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырту алдым. Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен жұмыс кездесуі кезінде парад өткізу туралы шешім қабылданғанын хабарлаған.

119
Тақырып бойынша
Назарбаев пен Путин бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтады
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
Тоқаев Алматыда қаза болған полицейлерді марапаттады
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Дәрігер, архивтегі сурет

Ресейдің вирусология орталығы COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді

0
Вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік формада жасалуы тиіс

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Роспотребнадзордың "Вектор" вирусология ғылыми орталығы маусымның соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Известия" газетіне берген сұхбатында орталықтың бас директоры Ринат Максютов хабарлады, деп жазады РИА Новости

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жануарларға жасалған тест нәтижелерін алу жоспарланып отыр және денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық зерттеулерге рұқсат беруін күтуде.

Максютовтың айтуынша, вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік форма алуы керек.

Содан кейін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің толық спектрі мен тіркеуден өтуі қажет. Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцинаны әзірлеумен айналысатын орталық қызметкерлері, сонымен қатар өзі де  вакцина салдырғанын хабарлады. Айтуынша, оларда инфекциядан қорғайтын антидене пайда болған.

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін Санкт-Петербург вакциналар мен сарысу ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары да еңбек етіп жатыр. Препаратты әзірлеу барысында басқа елдерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Гинцбург ресейліктерді жаппай вакцинациялау күздің басында басталып, ол процестің алты айдан тоғыз айға дейін созылатынын хабарлады.

Жаңа коронавирус (COVID-19 тудыратын) алғаш рет желтоқсанның соңында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Наурыздың басында ДДҰ оны пандемия деп таныды. Ұйымның ақпараты бойынша, әлемде 5,3 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 343 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ресейде 353 427 адамнан COVID-19 табылды, оның ішінде 118 798 науқас сауығып шықты, 3 633 қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
Ресей, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейеді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді