Деньги

Бекболат Тілеухан қаржылық пирамидаға қатысты: кім жаман? Үкімет жаман

1331
(Жаңартылды 18:31 09.08.2018)
Депутат "аңқау елге арамза молда" болған қаржылық компаниялардың жұмысын тексеріп, жабуды талап етті

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Бекболат Тілеухан Бас прокурор Жақып Асановқа депутаттық сауал жолдап, халықты алдап, қан қақсатып отырған қаржылық пирамидаларды тексеріп, оларды жабуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Халқымызды қаржылық білім тұрғысынан білімді деп айта аламыз ба? Жоқ, айта алмаймыз. Себебі жыл сайын жаңа атпен шығатын қаржылық пирамидаларға ақшасын салып, одан опық жеп, қаржысы күйіп, инсульт алып, несиесін жаба алмай, ағайынмен керісіп жатқан адамдар өте көп. Сайлаушыларымыз осыны жеткізуді бізге аманаттап тапсырды", — деді Бекболат Тілеухан мәжіліс отырысында. 

Оның айтуынша, биыл "Questra World" дейтін қаржылық компанияның дақпырты жүріп тұр. Аңқау халық "сен инвесторсың" дегеніне сеніп, жиған-терген бар ақшасын сонда салып жатыр.

"Көлік алуға, үй алуға, бизнес ашуға деп жинаған бар қаржысын осы компанияның шотына салады да, одан аз уақытта пайда көремін деп алданып отыр және алданғалы жатыр. Осындай Questra тақылеттес Қазақстандағы компанияның орта деңгейлі менеджерінің өзіне келіп қосылғандар 12 миллион доллар жинап беріпті. Толық ақшаның көлемін біле алмаймыз, қисап жоқ. Questra секілді компаниялар Испанияда болғанымен, негізі мекен-жайы Виргин аралдары секілді офшорларда орналасқан", — дейді ол. 

Депутат халықтың қаншама ақшасы шетелге асып, ізім-ғайым жоғалып жатқанын айтты. Бұған кім жауап береді? Оның айтуынша, бұл компаниялардың бәрінің жұмысы заңсыз. Олар Қазақстанға бір тиын салық төлемейді. 

"Шетелдіктер бізге ақша бермейді, бізден алып кетіп жатыр. Осыны түсінуіміз керек. Осыған дейін болған компаниялар миллиардтаған теңгені халықтан жинап алып, жабылып қалды. Солардың соңынан тергеу жүргізген біреу бар ма? Бар болса, неге әшкерелемейміз? Дәл осы сәтте Questra компаниясына ақша салу үшін, кредит алып, ломбардқа алтынын өткізіп, көлік, үйлерін сатып жатқан адамдар көп. Әне-міне дегенше бұл компания да жабылып қалады. Үрленген шар секілді жарылады. Ақырында инсульт, инфаркт алған ағайын қалады. Сосын кім жаман? Үкімет жаман болады. Себебі мұндай қаржылық компанияларды тексеріп, тоқтату керек еді. Халықты қаржылық сауаттандыру қажет", — деді Тілеухан. 

Оның айтуынша, халық онсыз да кердит алып, қарыздың қамытын киіп, қиналып жатқанда, қаптың түбін тескен шетелдік алаяқ компаниялардың ісін тезірек бақылауға алу керек.

"Олардың жұмысын тоқтату жағы қарастырылуы тиіс", — деп түйіндеді сөзін депутат. 

1331
Кілт сөздер:
үкімет, Жақып Асанов, Бекболат Тілеухан
Абитуриенттер

Білім министрлігі шетелде оқитын студенттерге арнайы жеңілдік ұсынды

15
Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студенттер университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус инфекциясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу мәселесіне тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.

"Шетелдік жоғары оқу орындарының көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын", - делінген министрлік ақпаратында.

Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студент университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген

Студенттер 8 7172 74-16-24 нөміріне дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласып кеңес ала алады.

15
Кілт сөздер:
ЖОО, студенттер
Тақырып бойынша
"Жаны сұлу еді": қаза болған қазақстандық студент Канадада жерленді
Қытайдан эвакуацияланған студент Қазақстан халқына үндеу жасады
Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген
Шетелде оқитын 145 студент Қазақстанға оралды
Жітіқарада студент терезеден құлаған баланы қағып алды
Ұшақтан түскен жолаушылар

Қазақстанда халықаралық әуе қатынасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

32
Рейстер әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты жүзеге асырылатын болады

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. 17 тамыздан бастап Қазақстан бірқатар мемлекетке, соның ішінде Ресей мен Германияға халықаралық рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

17 тамыздан бастап қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь Республикасына, Германияға, Нидерландыға, Египетке, Украинаға және Ресей Федерациясына ұша алады.

"Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп, жолаушылардың тұрақты рейстерін жаңарту мәселесін алдын ала пысықтады. Осы ретте Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн", - делінген ресми хабарламада.

Рейстер әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты жүзеге асырылатын болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Ұшу кестесі мен билеттерді сату туралы ақпаратты авиакомпаниялардың сайтынан білуге болады.

32
Кілт сөздер:
халықаралық қатынастар, ұшақ, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Бір жолаушысы бар ұшақ Мәскеуге жоспарсыз қонды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 13 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 13-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченконың онлайн-брифингі. Тақырыбы: "Самұрық-Қазына" АҚ қызметіндегі бүгінгі тәуекелдер. Аккредитация: press@sk.kz, +7 700 545 02 01.

12:00 – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы Тимур Мұратов пен "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов #ANTIKOR жобасы аясында ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Facebook-те "Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау саласын дамыту" тақырыбында онлайн-диалог өткізеді. Сұрақтарды тікелей эфирде пікір ретінде қалдыруға болады.  

12.20 - Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, "Ұлтық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

19.00 – "Жаз әуендері" жобасы аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

14 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

15 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың барлық санаты арасында шахматтан ашық онлайн турнир. Жарысқа есту, көру және тірек-қимыл кемістігі бар спортшылар қатыса алады.  Жарыстар Қазақстанда 2020 жылы 16 тамызда аталып өтетін Спорт күніне орайластырылған. Турнирді Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұқаралық спорттық шаралар дирекциясы Мүгедек спортшыларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. (+7 701 641 36 58 телефоны арқылы тіркелуге болады).

18.00 – "Бетховен – Бессмертие - Любовь" балеті, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да).

19.00 - Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.


0