Қоғам

Қазақстандық оқушы қыз шахматтан әлем чемпионы атанды

© SputnikШахматшы Әсел Серікбай
Шахматшы Әсел Серікбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарысқа барлығы 570 спортшы қатысқан, олардың 33-і Қазақстан шахматшылары

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Қазақстанның екі спортшы қызы Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали шахматтан өткен әлем чемпионатынан алтын және күміс жүлдемен оралды.

Оқушылар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты Румынияның Яссы қаласында өтті. Оған әлемнің 45 елінен келген 570 спортшы қатысқан, олардың арасында 33 қазақстандық бар.

Тоғыз турдың қорытындысы бойынша 15 жастағы Әсел Серікбай 8,5 ұпай жинап бірінші орынды иеленсе, 13 жастағы Назерке Нұрғали 7,5 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

© SputnikШахматшы қыздарды марапаттау сәті
Шахматшы қыздарды марапаттау сәті - Sputnik Қазақстан
Шахматшы қыздарды марапаттау сәті

"Еңбексіз жетістікке жету мүмкін емес. Спортшы қыздарымыздың жеңісі — еңбекқорлық пен патриотизмнің, күш-жігердің тамаша үлгісі. Әсел, Назерке, сендердің осы жеңістерің мыңдаған ұл-қыздарымыздың шахмат ойынына деген қызығушылығын оятады деп сенемін", — деп Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қыздарды құттықтады.

Жаңалықтар
0