жеткіншектер

Қарағанды облысында жоғалып кеткен апалы-сіңлілі аман-есен табылды

134
(Жаңартылды 10:48 22.05.2017)
Апалы-сіңлілер мамырдың басында із-түссіз жоғалып кетті

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысына мамырдың басынан бері іздестірілген немере апалы-сіңлілер аман-есен табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Кудияров.

"Іздестіру шаралары барысында олар табылып, үйлеріне қайтарылды. Мән-жайлар анықталып жатыр. Қыздар аман есен", — деді Кудияров Sputnik Қазақстанға телефон арқылы. 

БАҚ-тың ақпараты бойынша, немере апалы-сіңлілер Елдана Исламшейх пен Ботагөз Қайырбаева сегізінші мамыр күні таныстарының туған күніне барамыз деп үйлерінен шығып кеткен. Одан кейін студенттерді ешкім көрмеген. 


134
Загрузка...