Мұсылман адам Құран түсірілген, күнәлардың кешірілуіне себепші болатын, жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын, шайтандар кісенделетін, жылына бір мәрте ғана келетін Рамазан атты ұлық айдың келуіне үлкен дайындықпен қадам басқаны жөн. Қасиетті айдың әр уақытын бағалап, дұрыс әрі жақсылық амалдарға толы етіп өткізуіміз үшін қажетті бірнеше әдептерді ескергеніміз дұрыс, деп жазады islam.kz.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) көзін көрген сахабалар Рамазанға алты ай қалғанда "Рамазанға жеткіз", — деп Алладан тілек тілеп, Рамазан айы өткеннен кейін алты ай бойы "қасиетті айда жасаған жақсылық амалдарымды қабыл ет" деп дұға ететін болған. Адамзаттың ардақ тұтар ұстазы (с.а.у) Рамазан қарсаңында Алладан былай деп сұрауымызды үйреткен:
"Иә Аллам, біздерге Режеп және Шағбан (айларында) берекет бер, әрі біздерді Рамазанға (амандықта) жеткізе гөр".
Ораза — намаз сияқты күнделікті бес уақыт орындалатын құлшылық емес. Ол жылына бір мәрте ғана келетін болғандықтан оразаға қатысты кей мәселелерді адам баласы ұмытып, естен шығарып алуы ықтимал. Осы себепті, тіпті, білген болса да қасиетті ай кірмес бұрын ораза үкімдерін, тағы бір қайталап шыққан жөн.
Қандай да бір адаммен соңғы мәрте кездесетіндігін білген кісі, ол кездесуді жіберіп алмас үшін бар күш-жігерін жұмсап, кездесулерінің барынша мәнді өтуіне мән береді. Осы сыңды құлшылық мәселесінде де мұсылман адам әр жасайтын құлшылығына ерекше ден қойып, оны өз өміріндегі ең соңғы құлшылығын жасап жатқанындай сезімде болуы тиіс.
Тағы оқыңыз: Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады
Пайғамбарымыз (с.а.у) біздерге: "Намазыңа тұрғанда оны қоштасып тұрған адамның намазындай оқы", — деп кеңес берген. Қасиетті Рамазанды да біздер соңғы мәрте қарсы алып жатқандай сезімде болуымыз қажет. Осылай істеген адам оразадан барынша пайда алып, Рамазан айының әр уақытын бос жоғалтпау үшін бар ынта-жігерін салары сөзсіз.
"Кім жақсы іс істеуді ниет етсе, бірақ оны орындамаса, Алла өз қасында толық бір жақсы іс жасағанындай жазады", — деп айтылғанындай істегендей сауап жазылуы үміт етіледі. Мысалға, Алла қаласа мынандай істерді істемеймін деп ниеттенсек болады:
Рамазан айының әр уақыты құнды. Әрі ол айдағы алтын уақыттарды бос өткізбес үшін адам өзінің уақытын жүйелеп, реттеп, жоспарлап қоюы қажет. Жоспарды қағаз бетіне түсіруге де болады.
Ол үшін Құран оқу, дұха намазы, тарауық намазы, тахажуд намазы сыңды амалдарын, әрі сақтану қажетті болған бос сөзден тілді тию, жаманға көз салудан көзді тию, ашуланбау, адамдармен қарым-қатынаста күлімсіреп, жымиып сәлемдесу деген сыңды өзіңіздің бойыңызда қалыптастырамын деген амалдарды жазып қоясыз. Кейін қағазға бірінің астына бірін тізіп бірден отызға дейінгі Рамазан айының күндерін цифрмен белгілеп жазасыз.
Тағы оқыңыз: Рамазан айы туралы қызықты деректер
Енді күнделікті кешке жатарда жаңағы қағаздағы тізілген істерде орындаған не орындай алмағаңызды бақылып, тексеріп, орындалғанын белгілеп отырыңыз. Омар (р.а.) бір сөзінде: "Сендерді есепке тартпай тұрғанда өз-өздеріңді есепке тартыңдар. Амалдарың сендерге өлшеніп берілмей тұрғанда, алдын ала өздерің өлшеңдер", — деп өсиет айтқанындай, әркез өзінен есеп алу тақуа адамдардың сипаттарынан.
Ал біз ең болмағанда қасиетті рамазан айында осы істі қолға алып, өзімізден есеп алатын болсақ, дүниеміз бен ахиретімізге тигізер пайдасы мол. Осылайша бір ай бойы өзін есепке алған адам рамазан айы өтісімен өзінің жасаған амалдарын қарап-ақ қасиетті айды қаншалықты дәрежеде өткізгендігін білуіне болады.