Мешіт

Астана мешіттерінде бір ай бойы ауызашар беріледі

160
(Жаңартылды 14:12 25.05.2017)
Рамазан айы биыл 27 мамырда басталады

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Рамазан айында Астананың барлық мешітінде ораза ұстаған жамағатқа бір ай бойы ауызашар беріледі.

"Қала мешіттерінің барлығында күнделікті бұқара халыққа, жамағатқа, қала қонақтарында алдын ала талон тарату арқылы тегін ауызашарлар беріледі. Сегіз мешітте шама-шарқына қарай ай бойы ауызашарлар ұйымдастырылады. Барлығы күнделікті 1670 адамға ауызашар беріледі. Мұның бәрі қайырымдылық шаралары, халқымыздың, еліміздің қолдауымен, көмегімен атқарылатын болады", — деді Рамазан айына дайындыққа арналған баспасөз мәслихатында Қазастан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұдан бөлек, Қасиетті Қадір түнінде барлық мешітте 10 мыңнан астам адамға сәресі беріледі.

Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы
© Photo : Духовное управление мусульман Казахстана (ДУМК)

Сонымен қатар, наиб мүфтидің айтуынша, Рамазан айында мешіттерде Құран Кәрім намаз үстінде толық жатқа оқылатын болады.

"Ел ішінде хатым деп айтады, яғни қасиетті Құранды басынан аяғына дейін ай бойы бүкіл сегіз мешітте оқып шығады. Бұл тарауықты жүргізу үшін еліміздегі құранды жатқа білетін қариларымызды тарттық және шетелдік қарилер де биылғы жылы мешіттерімізде хатым оқуға қатысатын болады. Қазасқтан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасында ынтымақтастық туралы келісім бар. Соның аясында Түркиядан бірнеше қари елімізге келеді. Бір қари Астана қаласындағы мешітте хатым оқиды", — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Астана қаласы бойынша ең ұзақ ораза 24 маусымға, яғни соңғы күнге келеді екен. Оның уақыты — 18 сағат 37 минут.

"Жалпы, шамамен орташа алатын болсақ, ораза барысында жамағат 18 сағат көлемінде ауыз бекітетін болады", — деді наиб мүфти.

Биылғы жылы пітір садақа мөлшері әр адамға 300 теңге көлемінде бекітіліп отыр. Пітір садақаны Рамазан айының басталуынан айт намазына дейін беруге болады.

"Пітір садақа мөлшері бидайдың бағасынан алынады. Шариғатта бидайдан жарты сақ, яғни 1 кг 625 грамм көлеміндегі бидайдың құнымен есептеледі. Пітір садақаны басқа да өнімдерден беруге болады, мысалы, құрма, мейіз, арпа. Бұл шариғатта бір сақ деп есептелген. Қазіргі өлшеммен алатын болсақ, 3 кг 25 грамды құрайды. Кебір адамдар пітір садақаны құрмамен немесе мейізбен беремін десе, өз еркінде", — деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, биыл Рамазан айының алғашқы күні 27 мамырға тура келіп отыр. Ораза биыл 29 күнге созылады. Қасиетті Қадыр түні маусымның 21-нен 22-не қараған түн. Ораза айт мерекелері – 25, 26, 27 маусым.

160
Тақырып:
Рамазан айы (13)
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

1500
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

1500
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

5307
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

5307
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты