Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты дөңгелек үстел

Жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа қарсы шара қолданылмақ

237
(Жаңартылды 19:05 04.01.2019)
Бір топ ақсақал ислам дінінің әдеп-ғұрпын, рәсімдерін ұстанудың қазіргі қынжылыс туғызар мәселелеріне қатысты ашық хат жолдады

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа қарсы шара қолданылмақ, деп жазады muftyat.kz.

"Һибатулла Тарази" мешітінде өткен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты дөңгелек үстел басындағы жиында ақсақалдар қоғамдағы жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа наразылық білдірді. Қариялар бұл турасында дін мамандарымен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірге әрекет етуді жөн көріп отыр.

Басқосу барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев ысырапшылдық, қанағатсыздық туралы сөз сөйлеп, дін мен дәстүрді тілге тиек етті.

Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев
© Photo : muftyat.kz
"Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев

Бұл бастама үшін арнайы ашық хат жасалған. Ашық хатта қариялар "Жаназа өткізу тәртібі, құдай тамақтардағы ысырапшылдық, қара киіну туралы салт-дәстүр не дейді, ұлттың рухани дамуына арналған бұқаралық ақпарат құралдары қажет" деген төрт негізгі жайтқа тоқталды.

"Біздер, Жамбыл облысының бір топ ардагер-ақсақалдары ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын өз ортамызда талқылап, пікір алысқаннан кейін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанып келген Ислам дінінің әдеп-ғұрпын, рәсімдерін ұстанудың қазіргі кезге тән қынжылыс туғызар мәселелері туралы жұртшылыққа ашық хатпен қайырылуды жөн санадық," — деп жазылған хатта. 

Ардагерлер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын белсенді түрде ортаға салып талқыласты. Отырыста құдай тамаққа арналып жасалатын дастарханның той дастарханымен бірдей болатындығы, оның ысырап екендігі айтылып, бұған қолданатын шара да қарастырылды.

  • Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты дөңгелек үстел
    "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты дөңгелек үстел
    © Photo : muftyat.kz
  • Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты дөңгелек үстел
    "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты дөңгелек үстел
    © Photo : muftyat.kz
  • Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты дөңгелек үстел
    "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты дөңгелек үстел
    © Photo : muftyat.kz
  • Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты дөңгелек үстел
    "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты дөңгелек үстел
    © Photo : muftyat.kz
1 / 4
© Photo : muftyat.kz
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты дөңгелек үстел

Жиын соңында "Ата-бабадан келе жатқан асыл қасиет – қанағатты ардақтап, ысырапқорлық жасаудан аулақ болайық!" атты ашық хатқа облыстың ардагер-ақсақалдары мен облыстың бас имамы Данияр Жұмабаев және қаланың бас имамы Қанат Жұмағұлов қол қойды.

237
Кілт сөздер:
құдай тамақ, жаназа асы, жаназа, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

5
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

5
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

21
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

21
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті