Қоғам

Тегін ауызашар орны мен намаз уақытын анықтайтын "iMuslimAstana" іске қосылды

Жазылу
Астанада мұсылманның жолнұсқасы іске қосылды

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Қаладағы мешіттер, намазханалар, тегін ауызашар орны  және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша іске қосылды. 

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты дөңгелек үстел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа қарсы шара қолданылмақ

"iMuslimAstana" — бұл қала аумағындағы мешіттер, намазханалар, тегін ауызашар орындарын және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік беретін елорда мұсылмандары үшін ыңғайлы мобильдік қосымша. 

Сондай-ақ, қосымшада Рамазан айы бойы әкімшілік тарапынан қамтамасыз етілетін тегін автобустардың бағыттары көрсетілген. Ал, намазды бірлесіп оқуға мүмкіндік беретін ерекшелігі қосымша қызметтердің бірі болып табылады.

© Photo : Muslim.kziMuslim Astana
iMuslim Astana - Sputnik Қазақстан
iMuslim Astana

Бүгінгі күннен бастап "iMuslimAstana" жобасын андроид бағдарламасында жұмыс жасайтын смартфондар үшін Playmarket қосымшасынан жүктеуге мүмкіндік бар. Бір аптадан кейін бұл қосымша iOS нұсқасы AppStore-да пайда болады.


Жаңалықтар
0