Алматы әкімі Бауыржан Байбек

Байбек студенттер жатақханасы мәселесін осы жазда шешуді тапсырды

51
Алматы әкімі қаладағы жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің сайты.

Жиын барысында студенттердің жатақханаларда әлеуметтік – тұрмыстық жғадайларын және жастардың мегаполис өміріне бейімделуін жақсарту, оқушылар арасында қылмыс жасаудың алдын алу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017 жыл Алматыда "Жастар жылы" деп жарияланды. Қалада жастардың үлес салмағы жыл санап артып келеді. Сондықтан оларды жұмысқа орналастыру және қажетті жағдайлар жасау біз үшін бірінші кезекті міндеттер болып табылады. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша нақтылы индикаторлары, жауапты адамдары және бөлінетін қаржысы бар "Жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасы" жасалды. Бұл жастарға теңдессіз қолдау көрсету болып табылады, нақтылы шараларды жүзеге асыруға 7,5 млрд. теңге бөлінді", — деді Б.Байбек.

Бүгінгі күні Алматы еліміздің әр аймақтарынан келетін жастардың миграциялық орталығына айналған. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықталғаны, бірқатар оқу орындарында сырттан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етілмеген, бөлемелердегі тұрғындар саны өте тығыз әрі көптеген төзгізісз кемшіліктер орын алған. 38 жоғары оқу орындарының небәрі 29 жатақханасы бар. Жалпы 94 студентік жатақхана жұмыс істейді, бұлардағы тұрғындар саны мөлшерден тыс көп, ғаламтор жеткіліксіз, өрт қауіпсіздігі сақталмайды, басқа да келеңсіздіктер жетіп артылады. Мегаполис басшысы каникул кездерінде студенттік жатақханалардағы орын алған барлық кемшіліктерді жоюды және студенттер арасында жатақханадан орын бөлуді ашық жүргізуді талап етті.

Өз кезектерінде жоғары оқу орындарының басшылары жастарға қатысты жасалған Жол картасын жүзеге асыруға жұмыла кірісетіндіктерін, өз тараптарынан жаңа оқу жылы басталғанша барлық жатақханаларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтты. Олардың әрқайсысы студенттердің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына бақылауды күшейтіп, студенттер тұратын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оқу үздіктері, жетім студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар оқушылары үшін жатақханада тұрудың жеңілдетілген жүйесін жасайтындықтарын айтты.

Естеріңізіге сала кетейік, Жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы бойынша Алматыда бес бағыт қамтылған. Яғни, білім саласында сыбайластыққа қарсы күрес бойынша жоо-ның рейтінгін белгілеуді енгізу, тегін білім беру бағдарламасы бойынша 2,5 жыл ішінде 2500 адамды оқыту жоспарланған. ЖОО мен коллдеждерге студенттік жатақханалар салу үшін көмек көрсетіледі. Жастарға қатысты жасалған бағдарламада жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің механизмдерін жасау және қажетті қаржы бөлу де қарастырылған. Жастар практикасының квотасын және 6 мыңнан асатын адамның кәсіби біліктілігін арттыру да жоспарланған. Сырттан келген жастармен жұмыс істеу орталығы,Карьера орталығы, Жатақханалардағы кураторлық орталықтары жұмыс істейтін болады.

51
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

24
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

24
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

24
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

24
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті