мешіт

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар

14210
(Жаңартылды 10:50 19.04.2019)
2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамырда басталады

Барша мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айы жақындап қалды. Адам баласының жаны мен тәнін тазартатын ораза құлшылығы осы айда әр мұсылманға парыз етілген. Назарларыңызға оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды ұсынамыз. 

Оразаны не бұзбайды?

  • Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек; 
  • Ұйқыдан жүніп болып ояну;
  • Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;
  • Әйеліне қолын тигізбесе де, оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;
  • Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;
  • Аузына келген қақырықты жұту;
  • Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;
  • Құлаққа су кіру, бұлық ағу;
  • Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;
  • Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды; 
  • Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;
  • Қан алдыру немесе сүлік салдыру;
  • Көзге, құлаққа дәрі тамызу;
  • Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;
  • Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;
  • Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;
  • Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек. 

Тағы оқыңыз: Оразаға қалай дайындалу керек?

  Оразаны не бұзады? 

  • Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
  •  Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау; 
  • Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; 
  • Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
  • Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
  • Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады; 

Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).

14210
Кілт сөздер:
рамазан айы, Ораза
Тақырып:
Рамазан айы - 2019 (40)
Тақырып бойынша
Рамазан айына арналған ерекше құттықтау
2019 жылы Рамазан айы мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Ораза айтта әр мұсылман орындауы тиіс сауапты амалдар
Рамазан жайлы қызықты деректер
Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді
Биыл Ораза қашан басталатыны белгілі болды
Загрузка...