Қоғам

Астананың ірі көшелерінде автобус жолағы енгізілді

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушілердің назарына! 3 маусымнан бастап қаланың бірнеше даңғылы мен көшесінде қоғамдық көлікке арналған қозғалыс жолағы бөлінді

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik.Қоғамдық көлікке арналған Bus lane жолғы Астанада бірнеше көшеде 3 маусымнан бастап іске қосылды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Арнайы жолақтар Республика даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Қабанбай батыр даңғылы, Сарайшық көшесі, Байтұрсынов көшесі, Нәжімеденов кшесі, Орынбор көшесі (бұрынғы Сығанақ), Сарыарқа, Тұран даңғылы, Бейбітшілік көшесі, Жұмабаев көшесі, Ташенов көшесінде бар.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында полиция аталған көшелерде жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.

Жаңалықтар
0