Қоғам

Джеки Чан Димашен қалай танысқанын айтып берді

© Sputnik / Болат ШайхиновДжеки Чан в Астане
Джеки Чан в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал актер және режиссер Джеки Чан Астанаға келді

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Астанаға қытай киносы фестивалінің салтанатты ашылуына келген Джеки Чан қазақ әншісі Димаш Құдайберген туралы қайдан естіп, қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бір күні теледидар қосып қалсам, тамаша әнші Димаштың өнер көрсетіп жатқанын көрдім. Ол керемет жоғары даусымен ән орындап, барлық көрермендерді, соның ішінде мені де тәнті етті", — деді Джеки Чан баспасөз мәслихатында. 

Сосын Джеки Чан Димаштың өзінің фанаты екенін біліп, кездесуге шақырған. 

"Мен Димашпен кездесуге өте қуанышты болдым. Оның келешекте кинематографияның үлкен жұлдызы болатынына сенімдімін", — деді ол.  

Еске сала кетсек, Қытайда "I am singer" жобасына қатысқан уақытта Димаш Құдайберген туралы Джеки Чан естіп, әншіні кездесуге шақырған болатын. Ол Димашқа жылы лебізін білдіріп, эксклюзивті күртешесі мен арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартқан еді. Өз кезегінде Димаш әйгілі актердің иығына қазақтың шапанын жауып, домбыра тарту етті.

Айта кетейік, 7 маусымда Астанада қытай киносы фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді. Шараның арнайы қонағы – әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытайлық актер, кинорежиссер, кинопродюсер Джеки Чан. Фестивальдің ашылуында ол "Кунг-фу йога" фильмін ұсынбақ.

"Қазтелефильм" мен "China film group" киносүйер қауымға соңғы жылдардағы үздік қытай фильмдерін ұсынады. Барлығы фестиваль бағдарламасы бойынша 7 —18 маусым аралығында 6 фильм көрсету жоспарланған.  


Жаңалықтар
0