Кәріпбек Күйіков

Кәріпбек Күйіков ауылдастарына көмектесу үшін картина сатып жатыр

23
Танымал қазақстандық суретшінің туған ауылында көктем сайын жолдар шайылып кетеді: ауыл тұрғындары жол тазртатын арнайы техника сатып алуды армандайды

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Қолы жоқ танымал қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков Қазыбек бидің 350 жылдығын атап өтіп, Қарақалы ауданын жартылай абаттандыру үшін өзінің "Кеш" деген картинасын сатылымға шығарды.

Суретші әлеуметтік желідегі өз парақшасында хабарлағандай, осы жылдың тамыз айында Қарқаралы ауданында мерейтойлық мерекелер өтеді. Салтанатты лайықты атап өту үшін қаражат қажет, сондықтан Қәріпбек Күйіков өзінен бастауды жөн көріпті.

Шебер АТОМ жобасының құрметті елшісі, "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының белсенді қатысушысы, "Құрмет" орденінің иегері болып табылады.

Ол қолсыз сурет салатын суретші ретінде бүкіл дүние жүзіне танымал.

Ер адам Семей полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккен. Алайда өзіне деген сенімділік пен өмір сүруге деген құштарлық оған мол табысқа жетуге мүмкіндік берді.

2016 жылы суретшінің  "Жарылыс" атты туындысын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамаға табыстаған еді. 

Нұрсұлтан Назарбаев
© Foto : официальный сайт президента Республики Казахстан

Енді міне шебердің "Кеш" деген жаңа жұмысы қайырымдылыққа кетеді.

Бұл ретте негізгі екпінді суретші өзі туып өскен туған ауылы Егіндібұлаққа жасайды.

"Ағымдағы қыстан менің ауылдастарым үлкен қиындықтармен шықты, техникалық көліктің жоқтығы, ал қыста түскен жауын-шашын барлық рекордтық нормалардан асып кетті, салдарынан ауыл орталығында ғана емес, жақын маңдағы совхоздар тұрғындарының қозғалысын қиындатты. Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолы жыл сайынғы көктемгі тасқындардан жарамай барады, оны қалпына келтіруге ешқандай қаражат та, мүмкіндік те жоқ. Бүкіл мұсылмандар бір-біріне көмекке келетін киелі Рамазан айында жасалған ізгі істеріңіз еселенетін болады. Отандастарымның ризашылығы шексіз болмақ", — дейді Нәріпбек Күйіков. 

Суретші ұлы қоғам қайраткері Қазыбек бидің мерейтойы қарсаңында жерлестеріне ауыл жолдарын ретке келтіруге көмектесуге тырысады. Қайырымдылыққа түскен қаражатқа мүмкіндік болса салтанатты шаралардың өткізіп болған соң, ауылдықтар кез келген уақытта жолды тазартуға мүмкіндік беретін техника сатып алуды армандайды. Автордың хабарлауынша, Қарқаралы ауданының әкімдігі ақша аудару үшін арнайы шот ашыпты. 

100800 Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ермеков көшесі, 84 KZ136010191000354050 БИН: 170440035941, КБЕ 18, "Қазақстан халық банкі" АҚ БИК: НSBKKZKX, БИН:961041000115 тел: 87786281069, 8(72146)31177 Қарқаралы ауданы, мәслихат депутаты М.Мубараков 



23