Қоғам

ЭКСПО-2017 ашылу рәсімінен 1 мыңнан астам БАҚ өкілі ақпарат таратады

© Sputnik / Айгюзель КадирЭКСПО аумағындағы медиа-орталық
ЭКСПО аумағындағы медиа-орталық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Астана, 9 маусым – Sputnik. Бүгін Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шарадан 1 мыңнан астам БАҚ өкілі ақпарат таратады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін арнайы халықаралық медиа-орталық жабдықталған. Осы жерден бүгін 1200 журналист ақпарат таратады. Оның ішінде 800 шетелдік және 400 отандық БАҚ өкілдері. 

ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімін қайдан көруге болады?

"Медиа-орталық 500 орынға шақталған. Көрменің ашылу рәсімінен ақпарат таратуға БАҚ өкілдері көп келіп отыр.Сыймаған журналистерді аккредитациялық орталыққа орналастырдық", — дейді  "АстанаЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Сергей Куянов.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне келген жоғары мәртебелі меймандар мен делегация басшылары қатысады. Жалпы, 17 мемлекет және үкімет басшысы келеді деп күтілуде. 

Іс-шара Мемлекет басшыларының Қазақстан павильоны көрменің орталық экспозициясы – "Нұр Әлемге" келуінен басталады. Құрметті меймандар Қазақстан экспозициясымен танысқаннан кейін өзге  қатысушы елдердің павильондарын аралайды. 

Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-орталығында өтеді және амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды. 

ЭКСПО-ның ашылуына 20-ға жуық мемлекет және үкімет басшысы қатысады - Sputnik Қазақстан
Саясат
ЭКСПО-ның ашылуына 20-ға жуық мемлекет және үкімет басшысы қатысады

ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімін телеарналардан, expo2017astana.com сайтынан, сондай-ақ көрменің YouTube-тағы ресми каналынан тамашалауға болады. Ал Алматы тұрғындары мен қонақтары қаладағы мониторлардан көрменің ашылуын көре алады.

Айта кетерлік жайт, көрменің ашылу салтанатын бүгін ғана емес, басқа күндері де тамашалауға мүмкіндік бар. 600-ден астам адам қатысатын керемет шоу 10-14 маусым аралығында бес рет жұртшылыққа паш етіледі. 

Сонымен, көптен күткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 маусымда қалың бұқараға есігін айқара ашады. Көрме үш ай бойы 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Көрменің тақырыбы – "Болашақ энергиясы". Ол баламалы энергия көздері, "жасыл" технологиялар және экологияны сақтап қалу мәселелеріне арналған. Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі. 

115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растады.

Жаңалықтар
0