Нұр Әлем павильоны

ЭКСПО-ның ашылу салтанатына келген 20 мемлекет және үкімет басшысын Елбасы қарсы алды

101
(Жаңартылды 21:00 09.06.2017)
Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі басталды

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне әлем елдерінің мемлекет және үкімет басшылары келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президенттер мен үкімет басшылары мінген кортеждер Қазақстан павильоны, көрменің басты нысаны – сфераға келіп, мәртебелі меймандар көгілдір түсті кілем үстімен жүріп өтті. Оларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды. 

Көрменің ашылу салтанатына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ахмадзай, Өзбекстан мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Беларусь  президенті  Александр Лукашенко, Чехия президенті Милош Земан, Армения президенті Серж Саргсян, Сербия президенті Александр Вучич, Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж келді. 

Сондай-ақ, Қазақстан президентін осынау үлкен оқиғамен Үндістан мен Люксембург премьер-министрлері — Нарендра Моди мен Ксавье Беттель, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Испания королі Филипп VI, Пәкістанның үкімет басшысы Мухамад Наваз Шариф, Сингапур парламентінің төрағасы Халима Якоб және БАӘ президент істері жөніндегі министрі Мансур ибн Зайд аль-Нахайян құттықтады. 

Көрменің ашылу салтанатының хаттамалық бөлімінен кейін құрметті қонақтар Қазақстан павильоны "Нұр әлемді" аралап  шықты.


101
Тақырып:
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)