Қоғам

ЭКСПО аясындағы қонақжайлық: полицейлер шетелдікті қонақ үйге жеткізіп салған

© Photo : atpress.kzПолицей көліктері
Полицей көліктері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Италиядан келген қонақ Астанада адасып кеткен. Оған еркітілер мен полицейлер жәрдемдесті

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Астанада адасып кеткен туристі полицейлер қызметтік көлікпен қонақ үйге жеткізіп салды, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті.

Шамамен 1939 жылға дейін ЭКСПО көрмелері ең алдымен өнеркәсіп жетістіктерін көрсетеді, ғылыми ой индустриалдық дамуға бағытталған. Суретте: Париждегі көрмеге келушілер, 1937 жыл. - Sputnik Қазақстан
Фото
ЭКСПО тарихы: Эйфель мұнарасынан қазақстандық сфераға дейін

Ведомство хабар бергендей, шамамен сағат 11.00 кезінде шетелдік турист Рысқұлбеков көшесінде жүріп, сол ауданда қызмет атқарып жүрген полицейлер автопатрулінен көмек сұрайды.

Полиция қызметкерлері ІІД жедел басқару орталығына хабарласып, сол жердегі кезекші еріктілер итальян тілінде мән-жайды анықтап береді.

Сөйтсе, итальяндық шатасып, қоғамдық көліктің қарама-қарсы бағытына отырған екен. Полицейлер қонақты King Hotel қонақ үйіне жеткізіп салды.

Жаңалықтар
0