Жүргізуші куәлігі

Енді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға болады

497
(Жаңартылды 11:30 13.06.2017)
Қазақстанның үш қаласында дайын жүргізуші куәлігін арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, кез келген жақын ХҚКО-дан алуға болады

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Астана, Алматы, Шымкент тұрғындары кез келген жақын Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін ала алады, ол үшін жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде тиісті бөлімнің нөмірін көрсету керек, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ өндіріс қызметінің координациясы бойынша басқарушы директор Шоқан Әбділмановтың сөзіне сүйенсек, бұл жоба халықтың уақытын үнемдеп, арнайы ХҚКО-тарындағы кезектерді азайтуға септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 арнайы ХҚКО бар: Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе дәне Шымкент қалаларында. Сонымен бірге арнайы ХҚКО-ның екі секторы қызмет етеді: Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында. Жыл басынан бері 137 мыңнан аса жүргізуші куәлігі берілді.

497
Банк картасы, иллюстративті фото

Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

2
Қазір картаны еліміздің бірнеше аймағында оқушылар мен зейнеткерлер көлік ақысын төлеуге пайдаланып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жақында әлеуметтік карталардың көмегімен қазақстандықтар дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, сатып ала алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.

"Қазір бұл картаны оқушылар мен зейнеткерлер тауарларды жеңілдікпен сатып алуға пайдаланып жүр. Болашақта халықтың әлеуметтік осал топтарына дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, дәріханалардан сатып алып, үйге алдыруға мүмкіндік береді", - деді Сәкен Сәрсенов.   

Оқи отырыңыз: Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді 

Қазір "Қазпошта" қызметтер тізімін кеңейту бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бастапқыда Ақтөбеде оқушылар үшін "Әлеуметтік карта" жобасы қолға алынған.

"Біз бас кезінде бұл картаны мектептерде өткізу режимі, әлеуметтік тамаққа мұқтаж балаларды тамақтандыру қызметі үшін арнайы енгіздік. Сондай-ақ картаны автобус ақысын төлеу үшін пайдалануға болады. Көптеген әкімдікпен келісім жасағанбыз", - деп толықтырды "Қазпошта" басшысы.

Қазіргі уақытта картаны Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Атырау қалаларындағы студенттер мен зейнеткерлер пайдалана алады. Әлеуметтік картаны біртіндеп Қазақстанның барлық аймағында енгізу жоспарланып отыр.

"Барлық карантин шарасы аяқталғаннан кейін халық бұл картаны қолдануы үшін оны белсенді түрде шығарып, тарата бастаймыз", - деді Сәрсенов.

2020-2021 жылдары әлеуметтік карталарды Қазақстан бойынша енгізу жоспарланып отыр.

2
Кілт сөздер:
Қазпошта
Тақырып бойынша
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Дрон, архивтегі фото

Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді

8
(Жаңартылды 18:06 28.05.2020)
"Қазпошта" басшысының айтуынша, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді, онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқаттарды дронмен жеткізу қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, бас кезінде мұндай қызметті республика бойынша іске қосу жоспарланған. Алайда көп жерде ауа-райы қолайсыз болғандықтан қатты жел тұрғанда дронмен тапсырыс жеткізу мүмкін болмаған. Осыған байланысты ондай қызметті тек оңтүстік аймақтарда ғана қалдыруға шешім қабылданды.

"Қазіргі кезде дрондар Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында ұшады. Осы уақытқа дейін ұшқышсыз аппараттардың көмегімен 22 тонна жүк жеткізілді. Оған көбінесе хаттар мен басылымдар кіреді", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді. Онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады.

"Мысалы, кей кезде шалғай жатқан бір ауылға сәлем-сауқат жеткізу керек. Төтесінен 50 шақырым болса, айналма жолмен 250 шақырым шығады. Екі келі газет үшін көлік жіберген тиімсіз. Ал дрон таудан асып өтеді де, газетті тастай салады. Сөйтіп, қайтып ұшып келеді", - деп түсіндірді Сәрсенов.

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы 

Компания басшысы дронды ұшыру үшін құқық қорғау органдарынан рұқсат алынатынын жеткізді. Азаматтық авиация комитеті де өз келісімін беруі керек.

"Әлем осы қызметті біртіндеп дамытып жатыр. Алайда дрондарды қалада ұшыру жағынан бірқатар қиындық бар. Себебі ұшақтар мен тікқұшақтар ұшып жүреді. Халықтың қауіпсіздігі бар және тағы басқа шектеулер енгізілген. Сол себепті біз әзірге ондай қызметті шалғай жерде ғана дамытуды ұйғардық. Болашақта әлемдегі жағдайға қарай дрондарды қолдануды кеңейтетін шығармыз", - деп түйіндеді "Қазпошта" басшысы.

 

8
Кілт сөздер:
Қазпошта, дрон
Тақырып бойынша
Көзбен басқарылатын дрон сынақтан өткізілді
Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады