Қоғам

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚұрылтай Елбасының қатысуымен өтеді
Құрылтай Елбасының қатысуымен өтеді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылтай Елбасының қатысуымен өтеді

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. 22–25 маусым аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Президент Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді.

Құрылтай бағдарламасының негізі Елбасының  "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.

Құрылтай жұмысына барлығы 750 делегат пен қонақ қатысады, оның ішінде 350 адам әлемнің 39 елінен келді. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатыспақ. 

Алдыңғы төрт құрылтайға қатыспаған әлемнің сегіз елінен делегаттар мен қонақтар келеді. Бұл Жапония, Корея Республикасы, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзербайжан және Молдова. 

Құрылтай аясында тұңғыш рет "Жастар рухани жаңғыруды қолдайды" атты дүниежүзі қазақ жастары көшбасшыларының форумы өтеді.


Жаңалықтар
0