ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі

Әйел билеттердің бір реттігінен ЭКСПО-ға кіре алмады

187
(Жаңартылды 15:39 23.06.2017)
Әйел балаларды ЭКСПО-ның сыртынан күтіп алды, бірақ пайдаланылған билетпен оларды алып жүре алмаған

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Қостанайдан келген қонақ әйел "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағының сыртына бірнеше минутқа шығып, қайта ішке кіре алмаған. Бақылау-өткізу бекетінен кірген әйел шамалы уақыттан соң танысының балаларын күтіп алу үшін сырқа шығады. 

Қайтадан көрмеге ол кіре алмаған, өйткені оған ЭКСПО-ға кіру тәртібімен тыйым салынған. 

"Не істерімді де білмеймін. Ештеңені де көріп үлгермедім, кірдім де шықтым. Мен ол ережелер туралы білмедім. Балаларым іште күтіп тұр, олардың жасары 9 және 12-де. Не істерімді білмеймін", — деді өзін таныстырғысы келмеген әйел. 

Ереже бойынша әйелге жалғыз мүмкіндік билетті қайта сатып алу. Оның құны жұмыс күндері 4 мың теңге, ал демалыс күндері 6 мың теңге. Сонымен қатар ЭКСПО аймағында өтетін іс-шараға қатысу үшін ЭКСПО-ға кіру билетін сатып алу қажеттігін ұмытпау керек. Іс-шараға қатысу билетін сатып алу жеткіліксіз, көрмеге кіру билеті де міндетті. 


187
Тақырып:
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)