Қоғам

Алматылық судья қызының ұзату тойының ақысын төлемей қойған

CC0 / / Той
Той - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұзату тойын ұйымдастырушылар мен судьяның отбасы арасында келіспеушілік туындады

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов судьяның қызының ұзату тойынан кейін шыққан дауға қатысты пікір білдірді.

Facebook қолданушысы Жанар Искакова өзінің парақшасында той ұйымдастырғанын, бірақ клиент ақысын төлемегенін айтқан болатын. Ол клиент Алматы аудандық соттарының бірінің судьясы болып шығыпты. Кейінірек қалалық сот бұл мәліметке қатысты пікір білдірді.

Баян Мақсатқызы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Мақсатқызы тойының не себепті кейінге қалдырылғанын айтты

"Кеше Facebook парақшасында Жанар Искакова қызының ұзату тойын ұйымдастырушыларға ақысын төлемей кеткен клиент туралы жазған екен. Автор ол клиент Әуезов аудандық сотының судьясы Мақсат Сейдахметов деп көрсеткен", — деп жазды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов Facebook парақшасында. 

Қалалық соттың мәліметінше, қызметтік тексеру барысында анықталғандай, 2017 жылы 8 шілдеде судья Мақсат Сейдахметов қызының ұзату тойын өткізіпті. Судьяның әйелінің сөзіне сүйенсек, тойды өткізу бойынша келісім сол кісі мен мейрамхана әкімшілігі арасында жүргізілген, деп атап өтті қалалық сот. 

"Ұйымдастыру бойынша келісім ауызша жасалған. Мейрамхана басшылығының қызметіне әрлеу, қызмет көрсету, музыка және мейрамхана залын жалдау кіреді. Тойды өткізу үшін алдын ала төлем төленген, қалған сома той өткізілген соң берілуі тиіс болатын", — деп атап өтті Дияс Махамбетов. 

Сот өкілі айтқандай, тапсырыс берушілер мейрамхана әкімшілігінің ақысын төлеуден бас тартпаған. Сол себепті, оның айтуынша, Жанар Искаковаға ақшалай қаражаттың қалған бөлігі төленбей қалады деп қорқудың қажеті жоқ. 

Ал, Жанар Искаова сот өкілін өтірік айтты деп айыптап, келісімнің суретін жариялады. 

Жаңалықтар
0