Қоғам

Нұрлан Қоянбаев Мұсағалиевтің әзіліне қатысты: өз бауырымызды өзектен теппейік

© Photo : Нұрлан Қоянбаевтың Instagram парақшасыНұрлан Қоянбаев
Нұрлан Қоянбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азамат Мұсағалиевтің қазақ тіліне қатысты әзілі көпшіліктің ашуын туғызған еді

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. "Түнгі студияда" бағдарламасының жүргізушісі, продюсер Нұрлан Қоянбаев әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің қазақ тіліне қатысты жұрттың ашуын туғызған әзіліне қатысты пікір білдірді. 

Азамат Мұсагалиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тілі туралы орынсыз әзілдеген Азамат Мұсағалиев жұрттың сөзіне қалды

"Бірнеше күннен бері ТНТ арнасының арнайы бейнорлигінде айтқан әзілі үшін Азамат Мусагалиевке ауыр сөздер айтылып, жазылып жатыр. Мойындау керек, әзіл сәтсіз әрі орынсыз. Бірақ, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды деген сөз бар емес пе?! Кеше ғана бәріміз мақтан тұтып, қошемет көрсетіп жүрген бауырымызды бір қателігі үшін жерге ұрғанымыз жақсылықтың нышаны емес", — деп жазған Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Оның айтуынша, жығылғанға жұдырық емес, демеу болу азаматқа лайық іс. 

"Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік. "Әр қазақ менің жалғызым" деген неткен әдемі сөз. Осы сөзді бір-бірімізге іс жүзінде көрсетіп жүрейікші", — деген пікір білдірді ол. 

Арыстанбек Мухамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр Мұхамедиұлы Азамат Мұсағалиевтің әзіліне қатысты пікір білдірді

Еске сала кетейік, "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев ресейлік ТНТ арнасының эфирінде көрсетілген промороликке түскен. 14 секундтық видеода StandUp шоуының резиденті Нұрлан Сабуров Мұсағалиевтен қазақ тілінде "Өзің қалай? Денсаулық қалай?" деп сұрайды. Ал Азамат "Курлы-мурлы, курлы-мурлы" деп жауап береді. Оның айтқанын түсінбеген Нұрлан "бұл не мағына береді?" деп сұрайды. Ал Мұсағалиев: "Қалайша? Сенің сөзіңнің мәні бар ма? Мен жай әзілдеп жатқан шығармыз десем", — дейді.

Қазақ жігіттерінің бұл әзілі жұрттың ашуын туғызды. Пікір қалдырғандардың көпшілігі өз ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкештерді өткір сынның астына алды. Бірақ Азаматтың достары мен әріптестері оған араша түсті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да осыған қатысты өз пікірін білдірген болатын. 


Жаңалықтар
0