Улытау

Қазақстандық ғалым аталық және аналық бұлттар туралы теория ұсынды

87
(Жаңартылды 16:49 20.07.2017)
Азамат Байтасов осы жаңалығы үшін 26 жасында профессор атанды

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Балқаштық жас ғалым бұлттарға зерттеу жасап, олардың аталық және аналық болып екіге бөлінетінін, ал олардың қосындысынан жауын-шашын пайда болатынын дәлелдеді, деп хабарлайды "Өркен медиа". 

Осы жаңалығы үшін 26 жасында профессор атанған № 8 орта мектептің түлегі Азамат Байтасов Балқашқа келді. Ол өзіне, мақсатыма қол жеткізгеннен кейін ғана туған қалама оралам деп, серт берген екен. Ал, діттегеніне жету үшін Алматыға оқуға түсіп, география мұғалімі атанады. Кейін магистратураны тәмамдап, зерттеу жүргізе бастайды. Оның бұлттар туралы жаңалығын батыс ғалымдары да мойындаған. Осы еңбегі үшін Азамат Байтасов небәрі 26 жасында әлеуметтік ғылымдардың профессоры атанды.

"Шын мәнінде жауын-шашын бекерден-бекер жаумайды. Өйтені ауадан және бұлттан түсетін жауын-шашын болады. Екеуінің табиғаты екі түрлі. Оның пайда болуына әсер ететін нәрсе аталық және аналық бұлттардың пайда болуы. Осындай жаңалықты теория жүзінде дәлелдегеннен кейін батыстық ғалымдар бірден мойындады. Енді қазақ ғылыми ордасы қоғамдық маңыздылыққа ие болу үшін бірнеше жылдар керек", — дейді әлеуметтік ғылымдардың профессоры Азамат Байтасов. 

Қазір жас ғалым 28 жаста. Бірнеше оқулық пен әдістемелік құралдың авторы. География пәні бойынша құрастырған сұрақтары ҰБТ- ға енгізілген.

Жас ғалым мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол жақында PhD доктор ғылыми деңгейін алу үшін Мәскеуге бармақ. Одан кейінгі зерттеуін Қазақстанның экономикасына арнағалы отыр. Сол арқылы дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін елімізге не жетіспейтіндігін анықтамақ ниетте.


87
Аида Балаева

Тоқаев Аида Балаеваға қандай тапсырма берді

18
(Жаңартылды 19:09 01.06.2020)
Кездесу барысында Аида Балаева министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндады

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Кездесу барысында Аида Балаева министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. 

"Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды", - делінген ақпаратта.

Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.

Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, президент жарлығымен 2020 жылдың 5 мамырында Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Дәурен Абаев атқарды. Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

18
Кілт сөздер:
Ақорда, министр, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Абаев Назарбаевтың қатты сынға алынған шешімі туралы айтты
Тоқаев жаңа ақпарат министрін тағайындады
Абаев қазақстандықтарға: жұмыс пен кредитті уайымдамаңыздар
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Біз барлығына дайын болуымыз керек - Абаев 
Армения премьер-министрі Никол Пашинян

Тоқаев Армения премьеріне коронавирустан сауығып кетуін тіледі

22
Мемлекет басшысы Никол Пашинянның коронавирустан емделіп, қызметіне қайта оралатынына сенетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Армения премьер-министрі Никол Пашинянға тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Армения премьер-министрі Никол Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

Бұған дейін Армения премьерінің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Пашинянның айтуынша, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Коронавирус белгілері байқалмайды. 

Пашинян резиденцияда қашықтан жұмыс істейтінін айтты.

Арменияда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған, режим 13 маусымға дейін ұзартылды.

1 маусымдағы жағдай бойынша Арменияда COVID-19  жұқтырғандар саны 9492 адамға жетті.

22
Кілт сөздер:
Никол Пашинян, коронавирус, Армения, Қасым-Жомарт Тоқаев