Қоғам

Шетелде демалатын қазақстандықтарды туроператорларды таңдағанда сақ болуға шақырды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтудемалыс орны
демалыс орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, "Қамқор" корпоративтік қорына кіретін туристік операторларды таңдаған жөн

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Шетелде демалатын қазақстандықтар туроператорларды таңдағанда сақ болу керек. Бұл ретте "Қамқор" жүйесіне кіретін компанияларды таңдаған жөн, деді туризм саласын дамытуға арналған жиында ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Асқар Баталов.

Стамбул - рекадр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер жоқ

"Қазір адамдар  жаппай демалатын маусым, сондықтан шетелге шығатын қазақстандықтарды тағы да кепілдендірілген жүйеге кіретін туристік операторларды таңдау қажеттігін еске салып өткіміз келеді. Бұл "Қамқор" корпоративтік қоры", — деді вице-министр. 

Лицензиясы бар мыңдаған туристік операторлардың ішінде "Қамқор" жүйесіне бар болғаны 62 оператор кіреді екен.

"Бірақ олар бүгінде шетелге шығатын қазақстандық туристердің  85 пайыз сұранысын қамтамасыз етіп отыр", — деп атап өтті Баталов.

 

Жаңалықтар
0