Асылжан Жампозов

Өмірбек Жампозовтың ұлы: әкемді сотта ақтап аламын

72
Прокурорға шабуыл жасап, өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы әкесін ақтап алмақ

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. "Қазақстан су шаруашылығы" бұрынғы директоры Өмірбек Жампозовтың ұлы әкесін сотта ақтап алмақшы.

Бұл өтінішті Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозов дүйсенбі күні Целиноград аудандық сотында отырыс кезінде айтты.

"Сот сіздің пікіріңізді сұрайды: іс қаралуы тиіс пе, әлде орны толмайтын жайттарға байланысты тоқтатылғаны жөн бе?", — деді сот төрағасы Төлеген Тұрғамбаев.

"Жоқ, тоқтатуға келіспеймін. Жампозовтың мүддесін жақтаймын", — деп жауап берді Асылжан Жампозов.

Кейінірек марқұмның ұлы тілшілерге өзінің шешімі жайында пікір білдірді.

"Әкемнің өліміне байланысты істің тоқтатылуы туралы шешімді қолдамаймын, өйткені оның кінәсі жоқ. Толығымен ақтап шығамын, ол кінәлі емес, сондықтан осындай қадамға барды. Ақтап шығамын деп ойлаймын. Мен үшін ең маңыздысы — әкемнің ақталуы, өйткені ол айыпты емес, мен білемін", — деді ол.

Бұдан бұрын Жампозовтың ісі бойынша тергеу қайта қалпына келтірілген еді. Бір топ тұлға 620 миллион теңге мемлекеттік қаражатты ысырап қылды деген күдікке ілінген болатын.

72
Тақырып:
Прокурорға жасалған шабуыл (10)