тазы

Астана тұрғындары әлемде сирек кездесетін иттерді тамашалай алады

24
Елордада ұлттық ит түрлерінің көрмесі өтеді

АСТАНА, 31 шілде— Sputnik. Көрмеге Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінен  100-ден астам төрт аяқты жануар қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Astana Winner-2017" ұлттық ит түрлерінің көрмесі биыл он екінші жыл қатарынан өткізілгелі отыр. Осы жылдар ішінде көрмеге қатысушылар қатары көбейген. Биылғы көрмеге Ресей мен Беларусь елдерінен арнайы сарапшылар шақырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың тазысынан бастап, Сібір хаскиі, лабрадор ретривер, неміс овчаркасы және тағы басқа асыл тұқымды иттерді көре алады.

"Бұл көрмеге тек асыл тұқымды иттер ғана қатысады. Алғашқы жылдары қатысушылардың саны 40-тың маңайында болатын. Соңғы жылдары тек Астанадан 300-ден астам жануар қатысады. Сонымен қатар Қырғызстан, Ресей, Украинадан келіп қатысатындар бар", — дейді көрменің ұйымдастырушысы, хэндлер Екатерина Даутова.

Хэндлердің айтуынша, көрме келушілері әлемде сирек кездесетін иттерді көре алады.

"Astana Winner —2017" көрмесі 5-6 тамыз күндері "Көрме" орталығында өтеді. Кіру тегін.


24