Асылжан Жампозов

Жампозовтың ұлы ҰҚК-нен әкесінің видеоүндеуіндегі деректерді тексеруді сұрады

81
(Жаңартылды 13:32 31.07.2017)
Прокурорды атып, өзіне қол салған Өмірбек Жампозов заңсыз қуғындау деректерін көрсетіп, видеоүндеу түсірген

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Целиноград прокуратурасы алдында атыс ұйымдастырып, өз-өзіне қол салған Өмірбек Жампозовтың ұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураға арыз жазып, әкесінің видеоүндеуінде айтылған деректерді тексеруді сұрамақ.

Жампозовтың адвокаты Бақыт Қайыржанова тілшілерге айтқандай, жемқорлыққа қарсы қызмет әрекетінің заңдылығын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы марқұмның ұлының өтініші ҰҚК мен Бас прокуратураға жіберіледі.

"Бұл видеода айтылған деректер негізінде. Себебі біз олардың қандай шара қолданғанын білмейміз, ресми жауап беруін қалаймыз. Бұл халық алдында айтылған үндеу, олар жауап қатуға тиіс", — дейді адвокат.  

Айта кетейік, 20 шілдеде күндіз ер адам Целиноград прокуратурасы ғимаратының алдында оқ ата бастаған. Ведомство қызметкері мен полицей жараланды. Кейінірек белгілі болғандай, оқ атқан адам "Қазақстанның су шаруашылығы" РМК-ның бұрынғы бас директоры екен, ол бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қылды деп айыпталған. Жараланған прокурор рақымшылықты есепке ала отырып сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған айыптауды мақұлдапты. Үкім 20 шілде 16:00-де шығарылуы тиіс болатын. Қарулы шабуыл үкімнің шығуына бір жарым сағат қалғанда жасалды. Шабуыл жасаған ер адам атыстан кейін көлігіне отырып, өз-өзін атып өлтірген.

81
Тақырып:
Прокурорға жасалған шабуыл (10)