ер кісі

Өлі деп саналған қазақстандық табылып, отбасымен кездесуден бас тартты

1712
(Жаңартылды 19:54 31.07.2017)
Өлі деп саналған қазақстандық түрмеден босап шығып отбасымен кездесуден бас тартты

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Отбасы өлі деп есептеген ер кісі түрмеден босап шығып, туыстарымен кездесуден бас тартты, деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаев. 

Дәулембаев Құқықтық қызметтер орталығында қабылдау кезінде белгілі болған жағдай туралы хабарлады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан ер адам құжаттар алуға және тұру орнын белгілеуге көмектесуді сұраған. Оны әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырып, құжаттармен көмек көрсетуде. 

Ережеге сәйкес, оған жауап беріп, көшірмесі Оралға кері ретінде көрсетілген мекен жайға жолданған.  

"Күтпеген жерден бізге өзін оның қызымын деп таныстырған әйелден қоңырау келіп түсті. Ол әкесінің он жылдан астам уақыт бұрын хабар ошарсыз кетіп, сот арқылы оны өлді деп танып құжат алуға үлгергендерін айтты. Ер адамның отбасынан өз еркімен кеткені, белгілі бір уақытта Ресейде тұрып, сол жерде қылмыс жасап, жаза өтегені анықталды", — деп жазды Дәулембаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. 

Туыстардың ұзаққа созылған кездесуі болады деген үмітпен ер адамға  қызының үйіне алып кетпек ниетін хабарлаған. Бірақ ол туыстарымен кездесуден бас тартты. 

"Жеке өміріне араласпауды жөн көрдік. Өз жақындарыңызды бағалай да, аялайда біліңіздер", — деп түйді аппарат басшысы. 


1712