Граждане США Каулан Кусайынхан и Джулия Маклейн работают волонтерами выставки ЭКСПО-2017 в Астане

Америкалық қыз қазақ жігітіне ғашық болып, қазақ тілін үйренді

445
(Жаңартылды 17:28 03.08.2017)
Қыз Қазақстанға алғаш рет алты жыл бұрын келген

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. АҚШ азаматтары Қаулан Құсайынхан мен Джулия Маклейн Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде ерікті болып жұмыс істейді, деп хабарлады astanaexpo.tv сайты.

Сайттың мәліметінше, ерлі-зайыптылар Астанаға бірнеше ай бұрын АҚШ елінен келген, қазір көрмеде ерікті болып жұмыс істейді. Жас жұбайлар жарты жыл бұрын отау құрған. 

Джулия Америкада антропология ғылымын меңгеріп жүр. Ол бір жыл бұрын қазақ тілін үйрене бастады. Екі мұғалімі бар: бірі – Щучинсктен болса, екіншісі Шымкенттен. ЭКСПО көрмесінде Джулия ерікті ретінде ағылшын тілінен сабақ береді.

"Қазақстанға алғаш рет алты жыл бұрын келдім. Сол кезде осы елге бірден ғашық болдым. Оның үстіне, Қазақстан жұбайымның тарихи отаны. Осындай ірі шараға қатысқаныма өте қуаныштымын", — деді Джулия.

Өзін "шала қазақпын" деп таныстырған Қауланның айтуынша, Қытайда туып-өсіп, мектеп бітіріпті. Қытай тілін білетіндіктен, ЭКСПО көрмесінде Қытай павильонында жұмыс істейді.

445
Загрузка...