Кісен

БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

21
(Жаңартылды 12:01 04.09.2017)
Ерденаевпен бірге тағы бес тұлға сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемденіп, ысырап жасады деген күдікпен қамауға алынған

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаевты қамауға алу мерзімі қыркүйектің соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Сот қаулысымен бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу мерзімі тоғыз айға дейін ұзартылды, яғни 2017 жылдың 28 қыркүйегіне дейін, қамаудағылар: БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев, БЖЗҚ тәуекелдерді басқару департаменті қаржы тәуекелдері басқармасының басшысы Мұса Бақытов, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев, "БузгулАурум" ЖШС директоры Азат Найзағарин.

Сот "Мегатрансазия" ЖШС директоры Талғас Тұртаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы мерзімін жеті айға дейін, яғни 2017 жылғы 23 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды.

Сот қаулысымен БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Дабыр Медетбековты қамауға алу мерзімі 2017 жылғы 8 қыркүйекке дейін ұзартылды.

21