Астанада Президент саябағында сиырлар жайылып жүр

Астанада Президент саябағында сиырлар жайылып жүр

21
(Жаңартылды 11:16 30.08.2017)
Елордалықтар саябаққа бұл сиырлардың қайдан келгенін біле алмай, аң-таң

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Максим Дементьев есімді Facebook қолданушысы Астананың сол жағалауындағы Президент саябағында жайылып жүрген сиырлардың видеосын әлеуметтік желіде жариялапты.

Ақорда мен Тұңғыш Президент кітапханасы сияқты зәулім ғимараттардың маңында алаңсыз жайылып жүрген сиырлардың қайдан пайда болғаны белгісіз.

Әлеуметтік желі қолданушылары ойда жақта қаланың қақ ортасында пайда болған сиырларды көріп аң-таң. Кейбір әзілқойлар сиырларды ЭКСПО-ға келген үнді делегациясы алып келді деп санайды.

21