Алматы зоопаркі

Бизнесмен Алматы зоопаркінің миллиондаған қарызын төледі

14
(Жаңартылды 10:21 30.08.2017)
Алматы зоопаркі неміс архитекторы Питер Разбахқа қарыз болатын

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстандық кәсіпкер Алматы зоопаркінің неміс архитекторына қарызын төлеп берді. Бұл туралы зоопарк директоры Ержан Еркінбаев Facebook парақшасында жариялады.

"Қайрат Құдайберген белгілі неміс архитекторы Питер Разбахқа Алматы зоопаркі реконструкциясының бас жоспарын жасауда кең көлемде жұмыс атқаруы бойынша қарызды төледі. Атқарылған жұмыс бойынша қарыз сомасы 62000 еуроны құраған…", — деп Еркінбаев бизнесменге алғысын білдірді. 

Алматы зоопаркінің директоры Sputnik Қазақстанға бұл қаражат қарыздың бүкіл сомасы еместігін түсіндіріп өтті, қалған 38 мың еуроны да Қайрат Құдайберген төлеп береді екен. 

Зоопарк директорының сөзіне сүйенсек, Питер Разбах сот арқылы қарызын қайтаруды сұрап, күтетін болып келісіпті. Содан соң қарызды төлеуге Қайрат Құдайберген көмектескен. 


14