Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы: Құрбан айт ізгілік пен мейірбандықтың мейрамы

180
(Жаңартылды 18:36 17.07.2018)
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

"Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады", — дейді Мемлекет басшысы. 

Елбасының айтуынша, біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді. Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.

"Біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған. Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін Айт қабыл болсын!", — деген ізгі тілегін жеткізді Нұрсұлтан Назарбаев.

180
Кілт сөздер:
мұсылман қауымы, құрбан айт
Тақырып:
Құрбан айт 2019 (29)
Кемел Тоқаевтың кітаптары

Президент әкесінің құрметіне мемориал тақта орнатылды

1
Қазақстандық тарап соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертханаға арналған жабдықтың сертификатын табыс етті

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Омбыда Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориал тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің ресми сайты хабарлады.

Мемориальную доску в честь Кемеля Токаева открыли в Омске
© Sputnik / Стрингер.
Омбыда Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориал тақта орнатылды.

Салтанатты рәсімге губернатор Александр Бурков, Омбы мэрі Оксана Фадина, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев және қоғам белсенділері қатысты.

Омбы облысының губернаторы Александр Бурков, сондай-ақ Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев мемориал тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Көшербаев соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертхананың жабдықтарына сертификат табыстады. 

Айта кетейік, Омбы қалалық кеңесі осы жылдың наурыз айында ақын, жазушы және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың құрметіне ескерткіш тақта жасау туралы шешім қабылдады.

Оған Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы мен Қарулы күштер ардагерлерінің Омбы қалалық қоғамдық ұйымы бастамашы болды. Бұл идея қала әкімшілігі жанындағы топонимикалық комиссияда мақұлданды.

Кемел Тоқаев туралы не белгілі

Кемел Тоқаев (1923-1986) – Қазақстан президентінің әкесі Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен екі марапатталған.

Ол 1945 жылы қаңтарда жарақат алып, аяғынан айырылып қалуы мүмкін еді. Бірақ, №1494 эвакуациялық госпиталь дәрігерлері (қазіргі Омбыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь) оны ампутациядан құтқарған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін

Соғыстан кейінгі бейбіт уақытта Кемел Тоқаев әйгілі жазушы болды. Ол қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаушы болып саналады.

1
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы ардагері, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың досы президенттің отбасы қандай екенін айтып берді
Тоқаев ашаршылық туралы: орыс халқының еш қатысы жоқ
Қазақстанда қанша Қасым-Жомарт бар?
Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды
Тоқаев пен бұрынғы КСРО елдерінің әскерилері Жеңіс парадына қатысты - видео
Процент таңбасы

Халықтың кредиті кешіріле ме экономистер жауап берді

2135
(Жаңартылды 18:05 19.09.2020)
Мамандардың пікірінше, кредит алғандардың көбісі ақшаны тойға, смартфон немесе тұрмыстық техника алуға жұмсаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Тура бір жыл бұрын дәл осы уақытта Тоқаев тапсырған кредиттік рақымшылық науқаны аяқталып жатқан еді. Ол кезде қиын жағдайға тап болған көптеген адамның 300 мың теңгеге дейінгі қарызы кешірілді. Кредиттің айыппұлдары мен өсімпұлдарын да алып тастады. Осы жолы коммунист депутаттар тағы кредиттік рақымшылықты өткізу керек деп санайды. Себебі, коронавирустың салдарынан халық қайтадан қиын жағдайға тап болды. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген экономистер кредиттік рақымшылықтың тиімділігі туралы айтты. Ал ең бастысы, "Үкімет тағы халықтың кредитін кешіре ме, жоқ па?" деген сұраққа жауап беріп көрді.  

Үкімет кешіруі мүмкін, бірақ...

GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық мемлекетте халықтың кредиттерін толығымен кешіруге мүмкіндік жоқ деп санайды. Себебі, бүгінде тұтынушылық несиелердің көлемі аз емес.

"Өткенде тұтынушылық кредиттердің жалпы көлемі 4,5 триллион теңге болған. Жалпы биылғы бюджет шығындары 14 триллионға жетті. Демек, халықтың қазіргі кредиттері соның үштен бір бөлігі болып тұр ғой. Ал шығындардың ішінде жол жөндеу, аурухана мен мектеп салу, әлеуметтік төлемдер және тағы басқа қаражат түрлері бар. Осының бәрін тоқтатып қойып, кредит кешірген қисынсыз. Мемлекетте тұтастай халықтың кредитін кешіріп тастауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан үкімет ондай қадамға бара алмайды", - дейді Халық.

Маманның ойынша, кредит алғандардың көбісі ақшаны тойға, смартфон немесе тұрмыстық техника алуға жұмсаған. Енді осы кредиттердің бәрін бюджет есебінен жауып тастаған дұрыс емес. Дегенмен, үкімет бұған дейінгі рақымшылық сияқты қарыздың бір бөлігін кешіруі мүмкін. 

"Меніңше, үкімет осы жолы да кредиттік рақымшылыққа баратын сияқты. Бірақ өткен жылдың көлемі болатын шығар. Одан сәл көбірек болуы да мүмкін. Мысалы, былтыр 300 мың теңгеден жалпы 105 миллиардтың кредиті кешірілсе, осы жолы 200 миллиардтан аса қоймайтын тәрізді", - деп атап көрсетті Халық.

Кредитті кешіруді әдетке айналдырған дұрыс емес

Экономист мамандар осы бастаманың саяси астары да бар деп санайды. Себебі алда – мәжіліс сайлауы. Саяси доданың алдында партиялар ұпай жинауға тырысады. Үкімет те өз беделін түсірмеуге күш салады.

"Иә, үкімет ұпай жинау үшін осы бастамаға баруы мүмкін. Бірақ экономист ретінде айтарым, ондай шараны өткізген дұрыс емес. Себебі, мемлекет халықтың кредитін кешіре берсе, халық оған үйреніп қалады. "Бәріне бірдей кешірсін! "деген талап қояды. Сөйтіп, адамдар кредитін төлемей жүре береді", - дейді Халық.

Маманның ойынша, жас ұрпақ та "кредит алуға болады екен, артынан оны мемлекет жауап береді" деген көзқараспен өседі. Болашақта ондай психологияның салдары көп болады.

"Мысалы, Грузия халықтың кредитін 500 миллиард теңгеге кешірді. Сонда былтыр біз кешірген сомадан бес есе көп болып тұр ғой. Бірақ Грузияның кешірген кредиттері ұзақ уақыт бойы төленбей қалған проблемалық қарыздар екен. Соның бәрін банктың есепшотында ұстаған тиімсіз. Сол себепті бәрін кешіре салған", - деп атап көрсетті Халық.   

Қосымша қаржы көздері бар

Ulagat Consulting Group компаниясының директоры, экономист Марат Қайырленов та кредиттік рақымшылықты өткізуге болады дейді. Бірақ коммунистер ұсынған қаржы көздерін іске асырған қиын. Мысалы, олар артық табыс пен мұраға қалған мүліктің салығын арттырып, соның есебінен кредиттерді кешіруге болады деп санайды.

"Қазіргі салықты уақытында жинай алмай отырғанда оның көлемін тағы арттырған қиын болатын сияқты. Сосын депутаттар шетелдік IT-компаниялардан 3 проценттік цифрлық салық жинайық дейді. Оны да іске асыру оңай емес. Негізі, ондай бастаманың пайдасынан гөрі зияны көп", - дейді Қайырленов.

Бұдан бөлек, коммунистер жеке тұлғалар мен компанияларға шетелге ақша аударғаны үшін 10 проценттік дифференциалды салық салып, одан түскен ақшаны да кредиттік рақымшылыққа жіберуді ұсынып отыр. Экономист Марат Қайырленовтың ойынша, ондай бастама шетелдік инвесторлар үшін тиімсіз болады. Негізі, қосымша қаржы көздерін басқа жерден де табуға болады.

"Мысалы, екі жылдай бұрын қаржы министрлігі Қытаймен арадағы саудаға қатысты екі жақты статистиканы салыстырып көрген. Сол кезде 1 триллион теңгенің айырмашылығы бар деп айтқан. Демек, осы ақшаға 20 процентік салық салған күннің өзінде бюджетке жылына 200 миллиард теңге түсетін еді. Басқа елдермен сауда-саттықта да өзара есептің айырмашылығы көп. Соның бәрін анықтап, салық салса, кредиттік рақымшылыққа жететін біраз ақша шығады", - деп атап көрсетті Қайырленов.

Осы орайда ол экономист Айман Тұрсынханның Алматыдағы базарларға жүргізген зерттеуін де еске алды. Мамандар бір базардың өзінде миллиардтаған доллардың айналымда жүргенін анықтаған. Ал бюджетке төленген салықтың көлемі мардымсыз.

Оқи отырыңыз: "Сіздің атыңыздан кредит алады": алаяқтардан қалай қорғану керек

"Сонда экономиканың дәл осы секторынан салық мүлдем түспейді деуге болады. Міне, осы жерден қосымша қаржы көздерін табуға болады. Соның есебінен кредиттік рақымшылықты өткізуге мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Қайырленов.

2135
Кілт сөздер:
ақша, кредит
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді
42 500 теңге алғандарға кредит берілмей ме – қаржы министрлігі жауап берді
Кредит төлемі кейінге шегеріледі: Мамин тапсырма берді
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды
Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды