Қоғам

Қандай мектептерде «бескүндік» болмайды? Жаңа оқу жылы жайында

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБілім күні
Білім күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында Қазақстанның мектептерінде қандай жаңалықтардың болатынын айтып өтті

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық мектептер оқу жылын және үйреншікті білім режимін ұлғайтпай, бескүндік оқу аптасына ауысады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Ведомство тарапынан: "2017-2018 оқу жылы қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, бұрынғыдай, мектеп алды сыныптар үшін — 32 аптаға, бірінші сыныптар үшін – 33 аптаға, 2-11 сыныптар үшін – 34 аптаға созылады",-деген мәлімет берілді.

Демалыстарға қатысты да ешқандай өзгерістер жоқ. 1-11 сынып оқушылары күзде 7 күн, қыста 10 күн және көктемде 13 күн демалады. Ал, мектеп алды сыныптарда: күзде – 7 күн, қыста-14 күн, көктемде-15 күн демалыс болады. Оған қоса, ақпан айында мектеп алды және 1 — сыныптар үшін қосымша 7 күн демалыс беру қарастырылған. 

Білім министрлігі шенеуніктерінің шешімі бойынша, балаларға арналған оқу жүктемесін қысқаруға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Семейдің Бобровка поселкісінде жаңа мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Семейдегі мектеп жаңа оқу жылынан бастап 15 есе көп оқушы қабылдады

Министрлік: "Біз үй жұмысын орындау жөнінен әдістемелік ұсыныстар бекіттік. Осылайша, оны орындауға арналған уақыт көлемі бұрынғыдан үш есе аз болуы тиісті. Үй жұмысын орындау уақыты: 2-сыныпта – 50 минут, 3-4 сыныптарда – 70 минут, 5-6 сыныптарда – 90 минут, 7-9 сыныптарда – 110 минут, 10-11 сыныптарда – 130 минут аралығын қамту керек", — дейді. 

Осы уақыттан бастап мерекелік күндер мен демалыстарға үй тапсырмалары берілмейді. Оған қоса, Назарбаев зияткерлік мектептерінде де сабақ уақыты 40 минутты құрайды. 

Білім министрлігі түсіндіргендей, сабақты 5 минутқа қысқарту арқылы оқу жүктемесін ұлғайтпай, қосымша сабақ қосуға мүмкіндік болады. 

"Оқу бағдарламалары мен әр пәнді оқуға бөлінетін сағат көлемі өзгермейді, бірақ 40-минуттық сабақтардың арқасында барлығы 30 минут босатылады. Яғни, қосымша сабақ қосылған кезде оқушылардың мектепте болатын уақыты тек қана 10 минутқа созылады. Типтік оқу жоспарларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүктемесінің көлемі 1-11 сыныптарда 24 сағаттан 39 сағатқа дейінгі аралықты құрайды", — дейді ведомство.

Алайда, білім беру саласының бас мекемесінде айтқандай, "бескүндікті" гимназиялар мен лицейлерде енгізу шамалы қиынға соғады. Себебі, мұндай мектептерде өзіндік қосымша компоненттер оқытылады. Осыған орай, министрлік сенбі күнгі сабақтарды қалдыруды жөні көріп отыр. Бірақ оқушыларға қиындық тудырмайтын дене тәрбиесі, алғашқы әскери дайындық, үйірмелер, конкурстар және экскурсиялар сияқты жүктемелер қойылса дейді. 



Жаңалықтар
0