Қоғам

Елордалық ата-аналар үш ауысымдық білім беруге қарсы

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБілім күні
Білім күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жаңа оқу жылы үлкен айқаймен басталды

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Үш ауысымдық білім беруге қарсы шыққан ата-аналар бүгін тура мектепке келіп, шу шығарды, деп хабарлайды КТК.

Мектеп - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев: Үлкендер тендер ойнап жатқан кезде, балалар қиналып жүр

Ата-аналардың айтуынша, олар жұмыстан қайта –қайта сұрануға мәжбүр. Ал 45 минутта мұғалімнің әр оқушыға 1-ақ минут уақыты кетеді екен.

Осылай деп наразылық танытқан ата-аналар сабақтың түскі 12 жарымда басталатынына ашулы. Оның үстіне оқушы саны көп, бір сыныпта 43 бала білім алуда. Кейбір сыныптарда әр партада үш-үштен отыруға мәжбүр. Ол аздай, ұстаз да жетіспейді. Жалпы, Астана бойынша 27 мектепте дәл осындай жағдай. Құрылысы жаңадан басталған 10 мектеп салынып бітпейінше бұл мәселе шешілмейді екен. 

Ал ата-аналары шулап жүрген № 84 лицейді   былтыр президенттің өзі келіп ашқан еді. Негізі, мектеп 1200 шәкіртке арналған. Алайда, ЭКСПО қалашығы ашылған соң, бала саны еселеп артыпты. Сондықтан мектеп басшылары үш ауысымнан басқа амалымыз жоқ деп отыр.

"Биылғы жылы тек бастауыш  сынып оқушыларының саны 1360 жетті. Ал мектеп бойынша 2300 бала отыр", — дейді Гүлнұр Омариева, № 84 мектеп-лицей директорының орынбасары.

Жаңалықтар
0