Қоғам

Назарбаев латын әліпбиі бойынша saebiz сөзінің жазылуы туралы айтты

CC0 / / Жазу
Жазу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан халқының қазақ тіліне арналған латын әліпбиіне қатысты пікірі қарама-қайшы болып отыр

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тіліне арналған латын әліпбиіне диграфтарды енгізу туралы пікір білдірді.

Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тіліне арналған 25 әріпті латын әліпбиі ұсынылды

"Мен бірден компьютерге енгізу үшін ешқандай имектер болмасын деп айтқанмын. Өзге елдердікінде имектер, нүктелер, үтірлер бар. Бізде таза қазақ тіліне тән сегіз әріп бар – соларды таңбалау керек. Басты мәселе осы", — деді Елбасы Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

"Кеше халық арасында сәбіз (saebiz) сөзіндегі "ә" әрпі қалай оқылады деген сұрақтың тарағанын естідім. "Ә" дыбысы "ае" болып жазылады. Олар "саебиз" деп оқуымыз керек дейді. Олай болса ағылшын тілінде boeing сөзі қалай оқылады, еске түсіріп көрейікші. Ал "мектеп" деген сөз ше? Француз тілінде, мысал үшін, бір сөзді жазуға он әріп қажет. Сондықтан бұл қате пікір", — деп жалғастырды президент.

Оның айтуынша, 2022 жылы қазақ тіліне арналған латын әліпбиі бірінші сыныптарда оқыла бастайды. 

"Ғалымдар, тіл мамандары, тарихшылар бір мәмлеге келгенде, мен жаңа әліпбиді жариялаймын. Яғни, әліпби ертеңнен бастап енгізіледі деген сөз емес. Кирилица да өз рөлін атқарады, өйткені көптеген жазушыларымыздың шығармалары сол қаріппен жазылған. Кирилицаны пайдаланып, орысша сөйлейтіндер алаңдамасын", — деп қорытты мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0