Қолына кісен салынған әйел

Қазақстанның тумасы Ростов қаласында теракт дайындағаны үшін айыпталды

35
(Жаңартылды 12:51 19.09.2017)
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сотталған Қазақстанның тумасы мен тағы бір азаматша радикалды топтардың ықпалына түскен

АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік-Кавказ округтік әскери сот тарапынан Дондағы ростов қаласының сауда орталығында лаңкестік әрекетке дайындық жасауға байланысты Татьяна Карпенко мен Наталья Гришинаға қатысты үкімі шығарылады, деп жазады РИА Новости.

Ростов қаласына Татьяна Карпенко Цимлянск қаласынан, ал Наталья Гришина Қазақстаннан көшіп келген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыздар "Имарат Кавказ" және "Ислам мемлекеті" сияқты радикалды топтардың ықпалына түскен. 
Сотталушылар лаңкестік әрекет дайындағаны үшін айыпталды.
"Тергеу мәліметтеріне сәйкес Карпенко мен Гришинаға қатысты үкімді жариялау 18 қыркүйек күні  сағат 10.00 басталады (13.00 аст)", — деп мәлімдеді сот өкілі Алена Катькалко. Сотталушылар 2015 жылдың қазан айы мен 2016 жылдың қаңтар айының аралығында Дондағы Ростов қаласында орналасқан СҮ бірінде лаңкестік әрекет жасамақшы болған.  
Өзін-өзі жарып жіберу үшін арнайы жарылыс құрылғылары, детонатор дайындалған. 
Мемлекеттік айыптаушы бұған дейін Татьяна Карпенкоға 15 жыл алты ай мерзімдегі жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуді, ал Наталья Гришинаға 12 жыл бас бостандығын жалпы режимдегі колонияда өтеуді және 100 мың рубль көлемінде айыппұл тағайындады. 

35
Загрузка...