Қоғам

Ермекбаев: Үкімет псевдосалафизм бізге жат деген ұстанымын ашық білдірді

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуДіни кітап
Діни кітап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте дін саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы талқыланды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев дін саласындағы мемлекеттің саясаттың қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы" әзірленді. Бұл құжат – мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарастар жүйесі, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен орнына қатысты мемлекеттің ұстанымы туралы ашық жолдауы. Тұжырымдама Елбасының жарлығымен бекітілді. Оның нормалары Президент жолдауының басымдықтары мен қоғамдастықтың ұсыныстарын қамтиды. Тұжырымдамаға сәйкес мемлекет діндердің канондық және діни жоралғы мәселелерге араласпайды, бірақ заңдардың сақталуына бақылау жүргізеді", — деп баяндады мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында. 

Мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ермекбаев дін мәселесінде қандай сын-қатерлер тұрғанын айтты

Министр атап өткендей, тұжырымдама негізінде заң жобасы әзірленді. Онда 12 заң мен 3 кодекске шамамен 60-қа жуық түзету мен толықтыру енгізу қарастырылуда.

"Өзгертулердің негізгі мәні келесідей: дінге деген көзқарастарына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын қорғау; діни бірлестіктердің қызметіне қолайлы және түсінікті жағдай жасау; деструктивті насихаттың кез-келген түрлеріне тосқауыл қоюдың тиімді тетіктерін енгізу", — деді ол. 

Министрдің айтуынша, діни экстремизмнің алдын алу жүйесіне жаңа тәсіл енгізілді. Оның негізінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің ынтымақтастығы жатыр.

"Жұмыстардың негізгілерін атап өтейін. Біріншіден, Үкімет псевдосалафизм бізге жат деген ұстанымын ашық білдірді. Кейбір елдер үшін бұл ағым лайықты болуы мүмкін. Бірақ, біздің қоғам бұл ағымның деструктивті екендігі туралы нақты және түсінікті бағдар алды. Қоғамда қызу талқыға түскенімен, біз тыйым салу жолымен әзірше жүрмедік. Біз түсіндіру және алдын алу жұмыстарына басымдық береміз. Ол өз нәтижелерін беруде", — деді ол. 

Әлеуметтік сауалнамалар қазақстандықтардың сексен бес пайызы теріс діни идеяларды қабылдамайтынын көрсеткен. 

"Екіншіден, үкімет жанынан алғаш рет діни саладағы мәселелер бойынша ведомствоаралық арнайы комиссия құрылды. Оны бірінші вице-премьер басқарады. Комиссия және терроризмге қарсы орталық арасындағы жауапкершілік аясы нақты белгіленді. Комиссия діни экстремизмнің алдын-алудың әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық мәселелеріне, ал терроризмге қарсы орталық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдарға жұмылдырылған. Өңірлерде барлық аталған мәселелермен терроризмге қарсы комиссиялар айналысады", — деп атап өтті министр.


Жаңалықтар
0