Түрме

Қазақстан түрмелерінде 400 радикал жазасын өтеуде

104
(Жаңартылды 16:47 20.09.2017)
Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы сарапшылар қазақстандық экстремисттердің әлеуметтік портретін жасап, статистикасын жүргізді

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда төрт жүз адам экстремизм мен терроризм үшін жазасын өтеуде, деп хабарлады Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы кеңсесінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық кеңсе жинаған мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан түрмелерінде экстремизм мен терроризм үшін сотталған 400 адам жазасын өтеуде, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 200 адамға аз.

Олардың басым көпшілігі – 342 адам – бес жылдан он жылға дейін сотталған – 36 – 10 жылдан 15 жылға дейін, 24 – 15 жылдан астам және біреуі өмір бойына бас бостандығына кесілген (Алматыда 2016 жылы 18 шіледе теракт жасаған Руслан Күлекбаев).

"Олардың жас мөлшері 16 жастан 68 жасқа дейін, көпшілігі некелескен. Ұлты бойынша қарастыратын болсақ, 344 қазақ, 14 орыс, 6 шешен, 8 өзбек, 7 ұйғыр бар", — делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек әдеттегі қазақстандық радикалдың әлеуметтік және психологиялық портреті жасалды.

Көбінесе олар ауылдан шыққан, жас мөлшері 25-35 аралығында, жағдайы төмен отбасында тәрбиеленген, тұрақты жалақысы жоқ. Үйленген болса, әйелі де жұмыс істемейді, үй шаруасымен айналысып, балаларға қарайды. Ата-анасы зейнеткер, сол себепті балаларына көмектесе алмай, керсінше өздері материалдық жәрдемге мұқтаж, яғни олардың бәрі әлеуметтік жағынан аз қамтылған болып саналады.

104
Загрузка...