Астана әуежайы

БАӘ елшілігі Н.Назарбаев атындағы әуежайдың басшылығына шағымданды

57
(Жаңартылды 10:09 20.09.2017)
Елшілік тарапынан жазылған ресми хатта әуежай басшылығы БАӘ елшісінің зарарсыздандырылған аймақта болуына кедергі жасағаны айтылады

 АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. ҚР Біріккен Араб Әмірлігінің елшілігі Астанадағы халықаралық әуежайдың басшылығына шағым айтып, нота жолдады, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшілеріне ҚР Сыртқы істер министрлігі. 

Мекеме мәліметтеріне сәйкес, 11 қыркүйек күні СІМ Қазақстандағы БАӘ елшілігінен Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай басшылығының тарапына шағым айтылған нота келіп түскен. 

"Елшіліктің ресми хатында әуежай басшылығына қатысты қажетті шаралар қолдану сұралады. Әмірлік тарапынан келтірілген ақпаратқа орай, олар өз кезегінде Қазақстандағы БАӘ елшісі Мұхаммад Ахмад Әлжабердің дипломатиялық үкімет басшысының арнайы өту рұқсатының бар болғанына қарамастан, әуежайдың зарарсыздандырылған аймағында орналасуына кедергі келтірген", — деп хабарлады СІМ.

Министрліктің мәлімдеуінше, келеңсіз оқиғаның басты себебі – әуежайдың зарасыздандырылған аймағына өтуге қатысты мәселеде екі жақтың өзара түсінбеушілігі тарапынан орын алған. Осыған орай, министрлік тарапынан алдағы уақытта Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда осындай сипаттағы жағдайдың алдын алуға қажетті шаралар жүзеге асырылатыны айтылды. 


 


57
Дәрі-дәрмек

Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді

12
Министрдің айтуынша, жоғары температурада антибиотиктерді қабылдағанда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйренеді. Салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой антибиотиктерді алдын ала қабылдамау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үйде емделетіндердің көбісі бірден антибиотик ішуді бастайды. Бұл – үлкен қателік. Олай істеген дұрыс емес. Егер дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп немесе үш күн бойы жоғары температура түспесе, қызуды басатын дәрілерді қабылдаған дұрыс, сан алуан шөптерді ішуге болады. Суды көбірек ішіңіз", – деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, антибиотиктердің кері әсері қатты. Ал ең бастысы, дүрбелеңге салынбау қажет.

"Қызуды басатын дәрілерді де тек 38 градустық температура болса ғана ішу керек. Оған дейін адамның ағзасы вирустармен және бактериялармен өзі күреседі, Негізі, жоғары температура болмаса, иммунитет ауруды өзі жеңе алады. Ал антибиотиктерді тек дәрігерлердің нұсқауымен ғана қабылдау қажет", – деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр антибиотиктердің кері әсеріне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, адамдар жоғары температура болмаса да, антибиотиктерді қабылдауды бастайды. Ондайда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйреніп қалады. Соның салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін.

Оқи отырыңыз: Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты

"Бүгінде біз арнайы нұсқаулықтарды әзірледік. Оны министрліктің ресми сайтынан табуға болады. Сол жерде амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу тәртібі жазылған. Міне, осы ақпаратты пайдалану қажет", – деді Цой.

12
Кілт сөздер:
емделу, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады
Шымкент әкімі дәрі-дәрмек сатып алуға қатысты кеңес берді 
Ақша, теңге

Қазақстанда қарызы бар адамдарға қатысты ереже өзгерді

1073
Енді борышкерлер өз қарызы туралы басқа елге ұшар алдында емес, бес жұмыс күні бұрын білетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда шетелге шығуға тыйым салынған борышкерлерді берешегі туралы әуежайда емес, одан ерте – ұшуға бес жұмыс күні қалғанда хабардар етеді. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан президенті 27 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Бұл заң елден шығуға тыйым салу бойынша шектеу шараларын жеңілдетеді, ол 8 шілдеде күшіне енді.

Заңға сәйкес, берешек шегі ұлғайтылды, одан асып кеткен жағдайда, елден шығуға тыйым салынады. Бұған дейін ол 20 АЕК-ті құраған еді, енді екі есеге артып отыр – 40 АЕК немесе 111 120 теңге.

Тағы оқыңыз: 42 500 теңге алғандарға кредит берілмей ме – қаржы министрлігі жауап берді

Сот орындаушысының өз қалауы бойынша әрекет ету өкілеттігін қысқарту үшін елден шығуға тыйым салар алдында бес жұмыс күні бұрын борышкерге хабарлау туралы норма енгізілді.

Елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімі, тәртібі мен негіздері, соның ішінде оның күшін жою мерзімі мен негіздері қайта қаралды.

Қазір сот орындаушылары уақытша шектеулердің күшін үш жұмыс күні ішінде емес, бір күн ішінде жояды.

1073
Кілт сөздер:
тыйым, қарыз
Тақырып бойынша
Вице-министр Қазақстанның берешегі туралы: әлі де қарыз алуға мүмкіндік бар
Алматы әкімі: 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді