Қоғам

"Нұржол" желек жолындағы көлік тұрағы 2 қазаннан бастап ақылы болады

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтокөліктер тұрағы
Автокөліктер тұрағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік тұрағының ақысын қолма-қол ақша немесе банк карточкасын қолдана отырып, түрлі тәсілмен төлеуге болады

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Астанада Парковка транспортных средств на бульваре "Нұржол" желек жолындағы тұраққа көлік құралдарын қою 2 қазаннан бастап ақылы болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Тұрақ ақысын жұмыс күндері сағат 08:00-20:00 аралығында төлеу керек болады. Оның ақысы 100 теңге және бұл сома тұрақ орнын пайдаланудың алғашқы 30 минут ішінде төлену керек.

Тұрақ ақысын төлеу көлік тұрағы аумағында орналасқан арнайы паркоматтың көмегімен (бұл паркоматтар 10-100 номиналындағы тиындарды қабылдайды), банк карточкасы немесе қолма қол ақша арқылы жүзеге асырылады

Толығырақ ақпаратты www.astra-park.com сайтынан немесе 8-8000-802-888 қоңырау шалып байланыс орталығымен хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0