Қоғам

Еліміздің белгілі хирургтері Ақтөбе облысында бірегей операциялар жасады

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбелік науқастарға жиырма бестен астам күрделі операция жасалады

АСТАНА, 28 қыркүйек  — Sputnik. Ақтөбе облысында басталған "Туған жер" республикалық форумына атсалысу үшін ондаған белгілі профессор мен дәрігер келді. Олар ақтөбелік науқастарға бірегей жиырма бестен астам операция жасайды. 

Архивное фото младенца в неонатальном отделении - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Көкшетауда дәрігерлер салмағы 700 грамм сәбиге ота жасап, өмірін сақтап қалды

Дәрігерлердің арасында Қазақстанның жетекші нейрохирург дәрігері, ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақов пен республикалық трансплантация орталығының басшысы Жақсылық Досқалиев бар, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Шара қонақтарының ішінде өңірдегі денсаулық сақтау саласының мемлекеттік-жекеменшік және стратегиялық дамуындағы серіктестері болып табылатын АҚШ, Оңтүстік Корея, Израиль, Ресей шетел азаматтары да аз емес.

Форум қарсаңында 15 бірлескен күрделі операция жасалып, медицина қызметкерлерін жаңа инновациялық технологияларға оқыту бойынша семинарлар өткізілді.

Атап айтқанда, академик Жақсылық Досқалиев туған жері — Алға ауданында өт жолдарының кінараты бар науқастарға үш күрделі ота жасады, бауыр ауруларының ауыр белгілері бар науқастарға кеңестер берді. Оларға медицина кластерінің көппрофильді ауруханасы жанынан экстирпация және өңешті пластикамен қайта тігу бойынша төрт жоғары технологиялық операциялар жасалды.

Алматыдағы ҚазҒЗИ кардиологиялық клиникасының профессоры Сәлім Беркінбаев бастаған оташы-хирургтер тобы сегіз кешенді операция жасады.

"Ақтөбеде орасан зор шара ұйымдастырылып отыр. Бұл форум өте маңызды және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға негізделген. Осында туып-өскен перзенттерге туған жеріне деген парызын орындауға мүмкіндік туып отыр. Біз батыс аймағында алғаш рет бауырға өлік трансплантациясы арқылы бірегей операция жасадық. Оңтүстік Кореядан келген әріптестерімен бірге 12 жастағы балаға туыс донордан бауыр қондыру жоспарлануда. Еліміздің игілігіне жұмыс істейтін  Қазақстандағы алғашқы медициналық кластердің осы жерде құрылғаны қуантады", — деді академик Жақсылық Досқалиев.

Жалпы, форум барысында 25-тен астам кешенді және жоғары технологиялық операция мен 14 семинар өткізу жоспарланған. Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласында құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын үш меморандумға қол қойылады.

 

Жаңалықтар
0