Ақша

Банк қызметкерлері қайтыс болған клиенттің шотынан ақша ұрлаған

98
(Жаңартылды 15:22 28.09.2017)
Банк филиалы басшысының орынбасары қайтыс болған адамның қаражатын иемденгені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қайтыс болған клиенттің шотынан жеті миллион теңгеден астам ақша ұрлаған екі банк қызметшісіне үкім шығарылды, деп хабарлайды Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты.

Екі әйел аса ірі көлемде "Сбербанк" қаражатын қымқырғаны үшін айыпталған. 

Банктің клиенттерінің бірі былтыр наурыз айында "Сбербанкте" өз атына шот ашып, 770 миллион теңгеден атсам ақша салады. Бір ай өткен соң клиент қайтыс болады. Мұны білген бастықтың орынбасары мен оның қол астында жұмыс істейтін қызметші марқұмның мұрагері жоқ екенін анықтайды. Олар SMS-банкинг көмегімен клиент карточкасынан 7,6 миллион теңге ұрлаған. Осылайша банкке аса ірі көлемде шығын келтірілді.

Сотталушылар айыптарын толығымен мойындап, басшы орынбасары сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қол астындағы қызметші жеті жылға шартты түрде сотталды. Екеуі де банк саласында материалдық жауапкершілікке қатысты қызметті иелену құқығынан бес жылға айырылған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

98
Загрузка...