қазақ-қырғыз шекарасында кезекте тұрған адамдар, архив

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

289
(Жаңартылды 17:46 16.10.2017)
Видеода көп адамның шекарадағы қоршауды бұзып, апыр-топыр болғаны түсірілген

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қазақстан билігі әлеуметтік желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тарап жатқан видеоның бірнеше жыл бұрын түсірілгенін мәлімдеді. 

"Жүргізілген тексеріс әлеуметтік желіде тарап жатқан кедендік учаскедегі қоршаудың бұзылғаны түсірілген видеоның бірнеше жыл бұрынғы екенін анықтады", — деп хабарлады ақпарат және коммуникациялар министрлігі. 

 

Айта кетсек, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай 10 қазанда басталды. Үш бекетте көлік кептелістері мен үлкен кезек пайда болды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіз комитеті тек қазақ-қырғыз шекарасында ғана емес, бүкіл мемлекеттік шекараның бойында жоспарлы операция жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның мақсаты шекарадағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу, террористік, контрабандалық және басқа да қылмыстық іске қатысы бар адамдарды анықтау, шекаралық тәртіп мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру болып отыр. 

Сондай-ақ қазақстандық тарап Қырғызстандағы сайлауға байланысты шекарада бақылау күшейтілгенін жеткізді. 


289
Загрузка...